Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қант диабетіне шалдыққандар саны артып барады

Қызылордада қант диабетіне шалдыққандар саны артып барады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында өткен жылмен салыстырғанда қант диабетімен ауырғандар саны 2,6 пайызға өскен. Дәрігерлердің айтуынша қант диабеті жастар арасында да көбейгенін мәлімдеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс эндокринолог дәрігері Гүлнара Уразова хабарлады.

Дәрігердің айтуынша, жыл сайын әлемде 2 типті қант диабетімен ауыратын науқастардың саны артып келеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүкіл әлемде қант диабетімен ауыратын 400 миллионға жуық адам бар екен. Қант диабеті жүрек-қан тамыр ауруларынан кейінгі екінші орында. Бүгінде ауруға шалдыққан науқастардың жалпы саны – 14 700 құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға артқан. 2011 жылдан бастап қант диабетін анықтау үшін скрининг жүргізіліп, барлық емханалар осы бағдарламамен жұмыс істеуде.

«Қант диабеті әсер ете алатын және әсер ете алмайтын болып екіге бөлінеді. Біз әсер ете алмайтын факторлардың бірі – адамның жасы. Яғни адам жасы ұлғайған сайын қант диабетіне шалдығу мүмкіндігі жоғарылай бастайды. Екінші фактор – бұл тұқым қуалаушылық факторы. Яғни сырқат адамға ген арқылы беріледі. Сондай-ақ, қимыл қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттердің барлығы қант диабеті ауруына әкеп соқтыруы мүмкін», – деді өз сөзінде №6 қалалық емхананың эндокринолог дәрігері Гүлжан Абсатова.
13 қараша 2021 ж. 53 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области