Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жыл басынан 904 мас жүргізуші анықталды

Қызылордада жыл басынан 904 мас жүргізуші анықталды

Kyzylorda-news.kz. Көлік құралын мас күйінде басқару қылмыспен тең. Жүргізушілер ішімдік  ішіп, көлік басқару алдында өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіретінін ойлану керек. Ағымдағы жылдың 10 айында облыс бойынша көлік құралын мас күйінде жүргізген 904 жүргізуші анықталды.

Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотымен онлайн форматында сот отырысы болып, тәртіп бұзған жүргізушілерге қатысты әкімшілік істер қаралып, сот шешімімен құқық бұзушылар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

«Жол-көлік оқиғалары көбіне осылай рөлге мас күйде отыру салдарынан болады. Сондықтан ішімдік ішіп, көлік тізгіндемеңіздер. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгенің де өміріне қауіпті болады. Осы ретте, автокөлік жүргізушілерін жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырғым келеді. Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін», – дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.
18 қараша 2021 ж. 130 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области