Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 14 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты күн жауын-шашынсы өтеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында фронталдық бөліктердің өтуіне орай күн құбылмалы болады, жауын-шашын, тауларда нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады.

Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстанда, Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, Павлодар облысында, Қостанай облысының шығысында тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде және шығысында – тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз таулы асуларда желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында, күндіз Атырау облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында 15-20 м/с-ке дейін жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады. Қызылорда облысының орталығында – тұман түсіп, түнде оңтүстігінде көктайғақ болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, таулы аудандарда жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
14 желтоқсан 2021 ж. 101 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области