Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тәуелсіздік жылдарында елімізде мұнай өндіру 3,5 есе, газ өндіру 7 есеге ұлғайды

Тәуелсіздік жылдарында елімізде мұнай өндіру 3,5 есе, газ өндіру 7 есеге ұлғайды

Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіздік жылдарында елімізде мұнай өндіру 3,5 есе, газ өндіру 7 есеге ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевтің мәліметінше, еліміз тәуелсіздік алғалы өндірудің өсу қарқынында айтарлықтай серпіліс байқалған.

«Тәуелсіздіктің 30 жылында мұнай өндіру 3,5 есеге, газ өндіру 7 есеге ұлғайды. Осы кезеңде 1,7 млрд тонна мұнай, 790 млрд текше метр газ өндірілді. Ал, 1,4 млрд тонна мұнай экспортталды. 2020 жылдың қорытындысымен газ өндіру көлемі 55,1 млрд текше метрді құрады. Электр энергетикасы саласында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде электр энергиясын өндіру 83 млрд-тан 108 млрд квт/сағатқа дейін артты. Яғни 30%-ға ұлғайды», -дейді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің айтуына қарағанда, жаңартылатын энергия көздерін дамытуда да жоғары қарқын бар. Қазір елімізде жаңартылатын энергия көздерінің 126 объектісі жұмыс істеп тұр. Оның жалпы қуаты 1975 МВТ-ты құрайды.

«Біз осы жетістіктермен тоқтап қалмауымыз қажет. Алдымызда мұнай-газ, энергетика саласын дамытудың жаңа белестері тұр. Осы жолда аянбай еңбек етіп, тәуелсіздіктің жаңа онжылдығында елімізді асқақтата берейік», -деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.
15 желтоқсан 2021 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области