Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жолдағы қауіпсіздікті сақтауға техникалар әзір

Қызылордада жолдағы қауіпсіздікті сақтауға техникалар әзір

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3398 шақырымды құрайды. Оның 1016 шақырымы – республикалық, 557 шақырымы – облыстық, 1825 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары болып табылады. Әсіресе, қыс мезгілінде табиғат тосын мінез танытқан тұста жолда көліктің жүруі қиындайды. Жауапты мамандар бұл бағыттағы дайындық жұмыстарының барысын Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.

«Автожолдарды тазалауға арналған 157 бірлік әр түрлі техника қарастырылған. Қыс мезгілінде республикалық және облыстық маңызы бар жолдардағы қатынасты үзбеу үшін арнайы қор әзірленген. Онда қазір 9,9 тонна бензин, 22,5 тонна дизель отыны бар. Сондай-ақ инертті материалдан 5843 тонна құм, 2310 тонна тұз, 195 тонна көмір қоры бар. Облыс бойынша жалпы 506 дана ескерту жол белгілері орнатылған. Мұнан бөлек, облысаралық автожолдарда 13 жылыту пункттері жұмыс жасайды. Тұрақты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қажетті техникалар мен инертті материалдар дайындыққа келтіріліп, облыс әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда», – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тілеуов.
15 желтоқсан 2021 ж. 198 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области