Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада тіркелмеген қару алып жүрген тұрғын анықталды

Қызылордада тіркелмеген қару алып жүрген тұрғын анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада тіркелмеген қару алып жүрген аудан тұрғыны анықталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қармақшы аудандық полиция бөлімінің Табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы қызмет атқару барысында Қармақшы ауданы 48 жастағы тұрғынын далалық жерде тоқтатқан. Тексеру кезінде тұрғынның 1 ұңғылы, 16 калибрлі, ішкі істер органдарында тіркелмеген аңшы мылтығын алып жүргені анықталды.

Мылтық айғақ зат ретінде алынып, Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөліміне зерттеуге жіберілді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482 бабымен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.
27 желтоқсан 2021 ж. 225 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области