Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖОЛАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ТИІМДІ ҮЛГІСІ

ЖОЛАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ТИІМДІ ҮЛГІСІ


Облыс әкімдігінде өткен мәжілісте Орталық Азиядағы IBA Group компаниясының директоры Михаил Бунас алдағы уақытта қызылордалықтар қоғамдық көлікте электронды жолақымен жүретіндігін айтты.
Орталық және Шығыс Еуропадағы жетекші компаниялардың бірі – IBA Group компаниясы болып табылады. Автоматтандырылған бағдарлама алғаш рет Минскіде әзірленіп, пайдалануға берілген. Бүгінгі күні осы жүйемен автобустар, троллейбустар, трамвайлар, метро және қала маңы пойыздар жұмыс істейді. Жолаушылар жолақыны Mifare Plus технологиясы негізінде әмбебап iCard смарт-картасымен төлейді. Смарт-карта иесіне қол жетімді жеңілдіктер туралы ақпаратты көрсетеді. Ақшаны банк арқылы немесе терминал арқылы толтыруға болады.
– Жүйе жолаушылар ағымына түрлі уақытта және әртүрлі бағытта бақылайтын аналитикалық бағдарламаға ие. Салонға кірген кезде бақылаушы кейбір жолаушылардың қулығын іске асыруға мүмкіндік бермей, жолақыны бақылаушы жақындағаннан кейін төлеуі үшін кәртішкені валидаторға жақындатып, оның жұмысын бұғаттайды. Тексеруді аяқтаған соң бақылаушы өз картасын қайтадан валидаторға жақындатып, бұғатын алып тастайды, - деді Михаил Бунас.
Қызылорда қаласының әкімдігі қоғамдық көліктердегі электронды төлем жүйесін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырмақ. Бұл үшін облыстық бюджеттен 6 280 мың теңге бөлінді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы компания ұсынған нұсқаның артық-кем тұстарын қарастырып жатыр.

13 наурыз 2018 ж. 614 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области