БАЛАЛАРДЫ ЕРЛІККЕ БАУЛИТЫН ҮЙІРМЕ
Қызылорда облысы аумағында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жанынан «Жас құтқарушы» клубтары құрылып, балаларды адам жанының арашашысы болуға баулу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Үйірме құтқарушы жұмысына бұқаралық сипат беру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, құтқарушы тәсілдері арқылы салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Балалар мен жастарды қолданбалы спорт түрімен шұғылдануға тарту, жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиеге тарту бағытын ұстанатын үйірме мүшелерінің қатары жыл санап артып келеді.
Құтқарушылар күні аясында «Абылайхан» колледжіндегі жас құтқарушылар арасында қолданбалы спорт және құтқарудың әдіс-тәсілдері түрінен жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы 8 команда қатысып, бақ сынасты. Жеңімпаздар департаменттің мерекелік іс-шарасында марапатталды.
Сайыс деңгейін Қызылорда облысы ТЖД, «ӨСжАҚЖҚ» ММ және ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ-нің құтқарушылары жоғары бағалады.
Әлімжан МАРДАНОВ,
Қызылорда облысы ТЖД
төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы