Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҚЫЛШЫ ЕНЕ, ИБАЛЫ КЕЛІН

АҚЫЛШЫ ЕНЕ, ИБАЛЫ КЕЛІН


Отбасының ұйытқысы қашанда әйелге байланыс¬ты. Ер адам табыс тауып, отбасы асыраушысы болса, үйдің берекесін келтіруші, ондағы ырыстың артуы әйелдердің қолында. Оның үстіне, көп нәрсе үйдегі ене мен келіннің жарастығына, жақсы қарым-қатынасына тә¬уелді. Инабатты келінге ене әркез ақылшы болып отырса, сыйластық та, сый-¬құрмет те молынан болатыны сөзсіз.
Қазіргі таңда ене мен келіннің арақатынасы жайлы көп айтылып жүр. Екеуара кереғар қарым-қатынас жанұя жанжалын жандырып жатқаны жөнінде жазылып та жатыр. Десе де, білген-түй¬генін тізбектеп үйретіп, тәлімін көр¬¬сетіп жүрген енелердің көптігі салт-¬дәстүріміздің, босаға бақытының сақ¬¬талуына себепші болуда. Үлгі-өнеге болатындай салиқалы енелердің жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі ұғып-білген келінге өмір бойғы азық. Міне, осы орайда, Сырдария ауданы, Н.Ілиясов елді мекенінде ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ақылшы ене, ибалы келін» байқауы өтті. Оған ауылдағы ардақты аналар мен инабатты келіндер қатысты.
  Байқауды ауыл әкімі С.Нұрмаған¬бетов ашып, әзиз жандар мен келіндерге жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құнды¬лықтарымызды ұлықтау, жас келіндерге ізгі істерді үйрету мақсатын¬дағы бай¬қау бес кезең бойынша өрбіді. Онда байқауға қатысушы ене, келіндер таныс¬тырылуынан бастап қазақы салт-дәс-түрімізді дәріптеу, өзара қарым-қаты¬настағы сыйластық, өз өнерлерін көр¬сету, отбасындағы татулықты тұ¬рақ¬¬тату тұрғысындағы тағлымды тір¬лік¬тер көрсетілді. Бұл сайыс барысында ақ бесікке сәуле сыйлаған, өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры болған ардақты, ақ жаулықты аналар жас келіндерге өнегелі әңгімелерін айтып, бала тәрбиесіне қатысты басты қағидаларды түсіндірді. Сонымен қатар, жат жұрттық болған қыздың бөтен үйге келін болып, сол үйге сіңісіп, үйреніп кетуіне қатысты әңгімелер де өрбіді.
Өнегеге толы сайысқа ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қазылар алқасының төрағасы Т.Жұмабекұлы, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Қуандықов, «Ақ әжелер» ансамблінің мүшесі М.Оразбекова әділ бағасын берді. Байқау нәтижесінде, «Ақылшы ене, ибалы келін» атағын Зәуре Досымбекова мен келіні Раушан Қадірова иеленді. Ал «Бармағынан бал тамған» номинациясымен Боранкүл Келісова мен келіні Гүлзира Алматова, «Өнерлі» номинациясымен Гүлбарам Әлшоразова мен келіні Гүлфайрубен Пірназарова, «Ұшқыр ой» номинациясымен Үміт Тілеубергенова мен келіні Мөлдір Осмағанбетова және «Шебердің қолы алтын» номинациясымен Айымкүл Жұбанышова мен келіні Анар Мамытова марапатталды. Олар арнайы диплом және бағалы сыйлыққа ие болды.

Е.БЕРКІНБАЕВ,
Сырдария ауданы



27 наурыз 2018 ж. 2 504 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области