БІР ЕЛ – БІР КІТАП
Еліміз бойынша өткізілетін бұл дәстүрлі шара тағы да жалғасын тауып отыр. Биыл республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы бойынша үш бірдей кітап: Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармалары, жазушы-ғалым Немат Келімбетовтің "Үміт үзгім келмейді", халықтың батыр ұлы, майдангер-жазушы Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" атты туындылары таңдалып алынды.
Қармақшы ауданы Ақай ауылдық кітапханасында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, əлеуметтік, рухани, мəдени, əдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздаған, соңына мол көркем мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармаларын насихаттау барысында "Абайдың ақын шəкірті" атты сайыс болып өтті.
Аталған сайысқа Ақай ауылындағы №278, №99 орта мектеп оқушылары қатысты. Нәтижесінде №99 орта мектептің 5 сынып оқушысы Жанайым Бағдатова жүлделі І-орынға ие болды.