ЖҮРЕГІНЕ ОТ ЖАҚҚАН ЖЫРДАН ҚАЛАП
Күміс көмей, алтын алқым сүлейлер сапына Бүрлібайдың Қуандығы келіп қосылғанда бағзы бақсылардың синкретті өнері саналған жыраулық күл астындағы қоламтадай еді. Оның шоғын әр-әр жерден қоздатып, жылт еткізетін Мұзарап секілді жарықтықтарды кеңес билігі жарылқай қоймады. Тұрмағанбетті сауатты болғаны үшін абақтыға жапты. Кеудесіне жауһар таққандардың аяғына тұсау салынған бір замандар өтті.
ҚҰДАЙ СЫЙЛАҒАН НЕСІБЕ
Билік пен үкімет ішінде «ескілікті көксеу» болып есептелсе де жыр тыңдарманы жоғалған жоқ. Қазақ өз қанындағы жырға деген адал сезімді кейінгі буынның кеудесіне екті. Арғы атасы Сейітқұлдан бері жыраулық ұстамаған Қуандыққа да киелі өнер осылай қонды. Өзі дүние есігін ашқан топырақ жүз жырау шыққан ауыл болатын. Қазіргі Қармақшы ауданының Тұрмағанбет атындағы ауыл осы атағымен күллі елге танымал болған қасиетті мекен.
Әкеден ерте қалған бала Қуандық әйгілі Кете Жүсіптің ұлы Мұзарап жыраудың қосшысы болды. Қасына еріп жүрді. Тұрса қолына қамшысын, отырса домбырасын ұстатты. Соғыста болған сом денелі Мұзекең «Самұрықты» жырлап кеткенде ерсілі-қарсылы ысқырған оқтың өтінде жалаң кеудемен кимелеп бара жатқандай екпіндеп, арындап, аяғы жерден көтеріліп кеткендей болады. Қорғасын сөздер балқып барып еліккен санасының алтын сақасына құйылып жатады.
Бір күні талапкер Қуандыққа құлақ түріп, зейін қоятын замана дағдысы қалыптасты. Бұл өнердің зерттеушілері де, насихатшылары да етек алды. Себебі, жырдың жастарды отансүйгіштікке, батырлыққа, адами асыл қасиеттерге үндейтін қуатты құрал екенін кеңестік идеология жақсы түсінді. Бірақ Сыр сүлейлерінің соңғы алыптары – Зайыр Рахатов, Запа Дәулетбаев, Жаппар Тұңғышбаев, Сүйінбай Ақбаев, Әбдіхалық Үмбетбаев, Олжабай Жүргенов, Орақ Дәнекеров секілді жүйріктердің шабысы әлі де ауыл айналасында қалды. Осылардан шырқау шыққан бір керімсал Көшеней еді, «азырақ жүріп ортаңда, көңіліңде қалсам көбірек» деп ерте үзілген бір ғұмыр болды. Кеудесіне көрме жасап, жүрегіне жырдан қалап от жаққан Қуандық жырау да алшаңдап алпысқа жеткен жоқ...
САҒЫНЫШҚА СІҢІП КЕТКЕН СУРЕТТЕР
(АЛМАС АЛМАТОВТЫҢ ӘҢГІМЕСІ)
1976 жылы Қуаңның бойындағы Қаратай деген жерде дүркіреп шопандар тойы өтті. Сол тойда не қызық болды, құлағымда, санамда қалғаны жоқ. Көз алдымнан кетпейтін бір сурет бар. Ол – қапсағай денелі, қайың қапталды, шықшыт еті ойнақшыған, қалың қасының астындағы аңғалақтан өткір жанары жалт етіп қарайтын жігіт ағасының бейнесі. Бұл – Қуандық жырау еді.
Бірақ осы бірінші көруімде мен ол кісіні бел ұстатқан балуандық сайыстан жолықтырдым. Анығырақ айтсам, қаумалаған жұрт ішінен қарап тұрдым, қарап тұрдым. «Мен сенің илеуіңе оңай көнетін қара домбыра емеспін» дегені ма, екінші балуан да айылы мықты атпал екен. «А-ап!» деп берсін. Бірақ оның жырау туралы ойы жаңсақ болыпты. Қуекең бір сәтте әлгіні аттан аунатқандай көтеріп тастады. Содан тұра алмады, жауырыны сынып кетіпті. Көпшілік жеңімпаз Қуекеңді қолдарына қондырып әкетті.
Осыдан аз уақыт өткен соң шопандар тойы Қарақұмда, көк майсалы Жауқашты Жапақ дейтін жерде жалғасты. Сол тойға өнер көрсетуге шақырылдым. Сүлейлердің алтын табағымнан сарқыт жалаған баламын. Облыс басшысы Исатай Әбдікәрімов, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Елеу Көшербаевтан бастап, ақын, жазушы, әртіс – игі-жақсының бәрі осы жерде.
Жырауларға арнайы үй тігіліпті. Бұл атақты фольклоршы Мардан Байділдаевтың бірі қойшы, бірі тракторшы, енді бірі егінші боп жүрген барлық жырауларды түгендеп, тізімге алып жүрген кезі. Соның арасына менің де атым кіріп, үлкен сахнаға шықпасақ та, ірілі-ұсақты мәдени шараларға қатысып жүргенбіз.
Арнайы үйге кешеуілдеп бас сұқтым. Төрде Исекең, оның жағын ала Шәмшат жырау, онан төменірек тағы біраз түртаныс кісілер жайғасқан. Ал Қуекең бір тізерлеп төгілтіп отыр. Шіркін, жырауды қолына домбыра алғанда көр! Былайғы кезде ол да көптің бірі. Кеудесінен лықсып келген әуезді қырық құбылтып тамақтан бері шығарғанда бостандыққа жетіп әуелеген сиқырлы үн тыңдағанды өзімен қоса алып ұшады. Сен жырауды, жырау сені ұмытады. Оқиғаның ішінде жүресің... Қуекеңнің сөз ырғағы сағат тіліндей нық естіледі нық естіледі, «Рауа-Бануды» айтып отыр екен.
Бір уақытта барып маңдай тері шүмектеп арқа-басын жуған Қуекең «осыған риза болыңыздар» деп күлімсіреп қос тізесін қосты.
– Жас жырауларды тыңдап көрелік, - деді колхоз төрағасы Ерназар Сексенбаев. Кезек маған келді. Ақборандай соққан екпіннің өтін мақпалдай төселген мақаммен қарс айыра шапқан Қуандық жыраудың әсерінен әрі-сәрі күй кешкен көпшілік назарына бұра алсам болар еді-ау деген күдікпен мен де түрдім білекті...
***
Бұл өзі жердің жұмағындай мекен. Екі кетпен басынан тіс сындырар су шығады. Шыбынсыз түні Қыз-Жібектің күймесіндей жұмсақ.
Кісілер тер басуға сыртқа беттегенде, Қуекең мені қолымнан ұстап өзімен ерте көтерілді. Екеуміз ай жарығына шомылған шағыл төбеге шықтық. Қуекең арқамнан қағып: «Тағы, қандай жыр білесің?» - деді. Әлгінде айтқаным «Кетенің жүз жүйрігі» деп аталатын Әлиакбар Жұмабаевтың толғауы болатын. Мен Қуекеңе бұл толғауды Әбдіхалық Үмбетбаевтың қолжазбасынан көшіріп алғанымды айттым.
Осы жолы дана жырау мен бала жырау сырласып, жырғасып ұзақ-ұзақ әңгіме тиегін ағыттық. Бұл біздің ағалы-інілі достығымыздың басы болды.
***
Қуекең жарықтық мәрт мінез, жомарт көңіл адам. Жайшылықтағы қалпы жұмсақ, өте биязы. Ал жырлаған сәтінде... көзіңе қанатты домбыраның арқасына мініп, қамалдардан қарғып бара жатқан Қамбар батыр елестеп кетеді. Әйтеуір сол бір сұрапыл мезетте Қуекеңді көз алдыңыздан жоғалтып аласыз, оған тек қиялыңызбен ересіз, ғажап бір күйге енесіз. Бұл жырдың құдіреті, бұл жыраудың хас шеберлігі! Сол Қуекеңнің отыз жыл дидарлас болдық. Біз айтып отырған әлгі бір кезеңнен бері жыраулар республикалық сахналарға жол сала бастады. Жырдың қанаты жайылып, көгі кеңей түсті.
Ресей композиторлар одағының «Ленинград көктемі» деп аталатын дәстүрлі фестивалі болатын. Сол өнер думаны негізінен дәстүрлі музыкалық өнерді насихаттайтын. Соның фольклор секциясы бойынша бізге де өнер көрсету нәсібі бұйырды. Мен осы фестивальға әлденеше рет бардым. Бір барғанымда әйгілі ғалым, фольклортанушы Алма Қыраубаевамен ақылдасып, елдегі жырауларды осы фестивальға шақыратын болып келістік. Сол бойынша Қуекең кезекті фестивальда өте сәтті өнер көрсетіп, музыка зерттеушілерінің назарын өзіне аударды.
1990 жылы Қуекең екеуміз Самарқанда өткен Азия халықтарының музыкалық сипозиумына қатыстық. Ол кісі бірнеше мақаммен «Көрұғлы» дастанын жырлады. Қорқыттанушы ғалымдар бұл өнерге риза болып, өздерінің таңғалыстарын жасыра алмады. Осы симпозиумнан соң Қуекең Жапонияда өтетін дүниежүзілік фестивальға қатысуға шақыру алды. Сөйтіп ауыл топырағынан өнген саф өнер әлемдік сахнаға шықты.
Осы сапардан оралған соң Қуекеңе енді Ленинградта өтетін кезекті фестивальға баруға тура келді. Осыны айтуға ауылға бардым. Ағам ауырып қалыпты.
- Сіз бен бізді тағы да Ленинградта сапары күтіп тұр, - дедім хал-жағдай білісіп болып.
- Мен бара алмаспын, - деді жырау, даусы бәсең.
- Ауырған адам жазылмай ма, олай демеңіз, - дедім мен.
- Саған бір аманатым бар, - деді ағам.
- Аманатыңыз не, біржаққа жол жүріп бара жатырсыз ба? – деп мен қалжыңға бұрғандай болдым. Екеуміздің нағашылы-жиен есебінде әзіліміз де бар еді.
- Өз ауруым өзіме мәлім, қайда, қашан жол жүретінімізді құдай біледі. Мына Амандық баламнан күтер үмітім бар. Саған аманат, Ленинградқа сол баланы ертіп кет. Көріп-біле берсін, - деді сонда Қуекең.
Біз Ленинградқа кеттік. Шәмшат Төлепова, Шекер Орынбаева, Бидас Рүстембеков, Рысбек Әшімов, мен және кішкентай Амандық. Сол қайран жырауды соңғы көруім екен. Оның сондағы жылы да сүйікті бейнесі жансыз суретке айналып, жадымда өшпестей боп сақталыпты. Әлі күні кешегідей. Бәлкім, менің ғана емес, барша жұрттың көңіліне күлімдеген сурет қалпымен көшіп алған шығар...
***
Алекең өте сауатты кісі, сондықтан ол кісінің әңгімесін жазу жеңіл, үлгеріп еріп отырсаң болды. Әрі жырау, әрі ғалым-зерттеуші, ұстаз Алмас Алматов осы сөйлесуде маған украинның бандуристері, саханың оланкосуттары, түркіменнің бақшылары, әзербайжанның ошуктері турасында, түркітанушы ғалымдар жайында, осы өнерді қолдаған кісілер туралы да кесек-кесек әңгіме өрбітті. Қаламыма сыйғанды, қағазыма сыйғыза алмай отырмын.
ДОМБЫРА ШЕГІНДЕ ӘКЕМНІҢ ҮНІ БАР
(Амандық Бүрлібаевтың әңгімесі)
Әкем Жапонияға барғанда оны тыңдағандар таңғалып, тамағына бірдеңе салып алған емес пе деп күдіктене қарапты. Әкемде ғасырлар үні жыраулықтың таза даусы болған. Сосын олар «Сіз аулыңызға неше күнде жетесіз?» деп сұрапты. «Бір аптада шығар» депті әкем. «Онда біз бір апта бас киімімізді кимейміз» депті халқының ұлт өнеріне деген құрметі болса керек.
1990 жылы мен Алмас ағаға еріп Ленинградқа бардым. Түрлі халықтың өкілдері жиналған жер. Мен үшін бәрі таңсық. Әшекейі келіскен үлкен сахнада концерт басталайын деп жатқанда «траур» деген сөз шықты. Концерт болмайтын болып, кейінге қалдырылды. Мен оған түсінген жоқпын, өліп қалған кім екен деп қоям.
Сосын Алмас аға айтты, «Изоли Земцовский үйіне дастарқан жайып шақырып отыр, сонда барамыз» деді. Бардық. Сөйтсем, менің әкем Қуандық Бүрлібаев қайтыс болған екен. «Сіздердің салттарыңыз қалай, баласына қалай айтамыз?» депті Изоли. Алекең оны естірту дейді, ол былай болады деп түсіндіріпті. Сонымен маған әкемнің қайтқанын естіртіп, Шекер апа екеумізді дереу Ташкентке қонатын ұшаққа мінгізіп қайтарды. Бір қиырдағы, бір елдің түкпіріндегі ауылында тұратын жыраудың қайтыс болуына байланысты үлкен концертті болдырмай қойған Изоли Земцовскийдің аса үлкен жүректілігі, биік адамдық болмысы еді.
Ол кісі музыка зерттеу саласындағы ірі ғалым, беделді тұлға болатын. Осы оқиғаның өзі де әкемнің қаншалықты дарынды жырау, өзгеше өнер өкілі екенін айғақтады. Мен ол кезде жас едім, келе-келе осыны түсіндім. Әке жолын жалғап, өнер саласында еңбек етуге бел будым.
Сол өнердің соңында келе жатырмын. Әкем көтерілген биікке шықпасам да, шамамша жырлап келем. Алла берген талабым, Алмас ағадан алған дәрісім, жұрт аузына ілініп, «Қуекеңнің баласы» дегеннің өзі маған аз емес сияқты.
Әлі есімде үйде, төрде домбыра ілулі тұратын. Әкем алыс бір жаққа кеткен күндерде әлгі домбыраның шегі ешкім ұстамай-ақ «ды-ың» еткен дыбыс шықса, елең ете қаламын. Әрине, «әкелерің келе жатыр» дейтін шешеміз де жоқ бүгінде. Бірақ сол шектен шыққан дыбыс әкемнің үніне тым ұқсас.
***
Жыр көшінің қоңыраулы күймесіндей жалған тірлікті өзіне жалт қаратқан Қуандық жырау омырауына самсатып орден таққан жоқ. Әдемі қатырма қағазы бар атақ-марапат та қолына тимеді. Оның атағы да, марапаты да ел-жұртының өшпес сүйіспеншілігі болды. Қазақ тұрғанда жыр тұрады, туады. Ендеше, жырауға деген ел сүйіспеншілігі де жыл өткен сайын өршіп, оның ой-санадағы сәулесі лаулаған жалынға айналмағаны аян.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23-желтоқсандағы №842 Қаулысына сәйкес, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылындағы ауылдық клуб үйіне Сыр сүлейі, жампоз жырау Қуандық Бүрлібайұлының есімі берілді.
Сенбі, 5-мамыр күні Тұрмағамбет ауылындағы Қуандық Бүрлібайұлы атындағы клуб үйінің ашылу салтанаты өтеді.
Д.АЯШҰЛЫ