Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫСҚА БАСТАЙДЫ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫСҚА БАСТАЙДЫ

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс екеніміз айтылған.
  Елімізде жаңа технологияны жетік меңгере түсу үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Ол 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. Екінші бағыт – көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда экономиканың салаларына цифрлы технологияны ендіру. Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртінші бағыт – IT-мамандарды даярлау.
  Алдағы уақытта 2 миллионнан астам халқы бар 1 800 ауылға байланыс желісін тарту көзделген. Бұл жобаны 2018-2020 жылдар аралығында жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 2021 жылға дейін ұзындығы 24 000 шақырымды құрайтын талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады. Бұл жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерін интернетке қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, аталған жобаны 13 жылдың ішін¬де, яғни, 2018-2030 жылдары мемлекеттік органдардың байланыс қызмет көрсетулерін кепілдікті пайдалануды қамтамасыз етумен мемлекеттік-жекешелік әріптестік сызбасы бойынша іске асыру көзделген. Нәтижесінде интернетке қолжетімділіктің секундына 20 мегабитке дейін жылдамдығын қамтамасыз ету жоспарланып, денсаулық сақтау және жергілікті мемлекеттік органдардың мекемелерінде шамамен 2000 мектеп пен 1 200 нүктені қосу жоспарланған.
  Бұл бағдарлама бойынша Сыр бойында да бірқатар жұмыстар атқарылмақ. «Microsoft» компаниясы еліміздің цифрландыру саласындағы бастамаларға қолдау көрсетуде. Осы компания біздің аймақта да төрт бағыт бойынша жұмыс жасауға ниетті. Олардың ішінде денсаулық, білім және ақылды қала жобалары бар. Бұған қоса Қызылордада ресурстық орталық ашуды жоспарлап отыр. Орталық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылады. Онда оқыту тегін жүргізіледі.
  Ресми деректерге сүйенсек, облыс тұрғындарының компьютерлік сауаттылық деңгейі 75 пайызды құрайды. Оның ішінде интернет қолданушылар үлесі 80 пайыздан асқан.
 Қарап отырсақ, бұл жұмыстардың барлығы атқарылып жатыр. Интернет желісі қолжетімді болу үшін облыс, аудан орталықтарынан бөлек, шалғайдағы ауылдарға да қолайлы жағдай жасалуда. Мұның барлығы санды технологияны ендіру үшін жасалған қадамдар болатын. Айналасы бірнеше жылдың ішінде қазақстандықтар неше түрлі ұялы телефондарды ұстады. Жыл өткен сайын олардың функциялары өзгеріп, мүмкіндіктері де арта түсті. Алғашқыда тек байланыс құралдары үшін қолданылған қолақпандай телефондар бірте-бірте айфон, айпад, смартфондарға ауысты. Бүгінде ұялы телефоныңыз тек байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар, интернет желісіне еркін қосылатын компьютер іспетті. Адамдар ұялы телефондарына саналуан әлеуметтік желілерді жүктеп, қоғамда орын алған оқиғаларға байланысты ой-пікірлерін білдіретін болды. Сон-дай-ақ, ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» теле-радио хабар тарату желісі іске қосылып, отандық арналардың аудиториясы кеңейіп, мүмкіндігі арта түсті. Нәтижесінде республикамыздың әрбір аймағынан хабар тарататын облыстық телеарналарды еліміздің кез келген өңірінен көруге болады. Бұрын тек Астана мен Алматы сияқты үлкен қалаларда ғана көрсететін арналарды тамашалайтын мүмкіндік туды.
Алдағы уақытта қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі жұмыстар жалғасатын болады. Елімізде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде.

А.БЕК

22 мамыр 2018 ж. 683 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области