Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СИНОПТИКТЕРДІҢ 22 МАУСЫМҒА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

СИНОПТИКТЕРДІҢ 22 МАУСЫМҒА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ


«Қазгидромет» РМК 22 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады. Желдің күшеюі күтіледі, республиканың солтүстігінде және орталығының кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін соғып, күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Ақтобе, Павлодар, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Алматы, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
22 маусым 2018 ж. 604 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области