Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АДАМ

АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АДАМ

Біз кейінгі бірнеше ғасыр бойы өз жолымен жүріп, өз дәстүрін сақтай алмаған, үстем мәдениеттердің ықпалында кетіп, кешегі азаттықтың ақ таңы атқанша өзгенің құрамында болған жұртпыз. Елбасы жариялаған рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласы біз үшін өзіміздің озық ұлттық дәстүрлерімізге бет бұрып, төл арнамызға – қазақтың өзіндік ұлттық даму жолына түсуін көрсетіп берді.
Шығыстың жеті жұлдызының бірі, ақын әрі ойшыл Сағди: «Жаратқанның пендесіне берген үлкен сыйы – оның артында қалатын жақсы аты, мейірімділігі мен қайырымдылығы» деп данышпандық пікір айтқан. Осындай артына өлместей із қалдырған ажндар сыр өңірінде де аз емес. Солардың бірі Арал аймағының төл перзенті, Алланың берген қадір-қасиеті дарыған, киелілік қонған көріпкел-әулие, әйгілі емші Әл-Мұхаммед Қалдыбайұлы Қарамолда.
Кешегі Кеңестік заманның өзінде Қарамолда атаның дақпырт-даңқы Одаққа түгел тарады. Өзіміздің аймақтың ғана емес, басқа да облыстар мен өзге республикалардан ем іздеген, жоқ іздеген, қайырымдылық көмек сұраған жандар Қарамолда атаны іздеп келіп жататын. Бұл туралы естеліктер жазылып та, ел аузында айтылып та жүргені баршаға аян.
Халқымызда «Батыр мен әулие – ортақ» деген қанатты сөз бар. Арал қаласының батыс беткейінен орын тепкен «Қарамолда» атындағы көше тұрғындары 100 жасаған (1892-1992) көріпкел-әулие, атақты емші атамыз Әл-Мұхаммед Қалдыбайұлына арнап ескерткіш тақта орнатып, ас беріп, құран бағыштап, өнегелі, мазмұнды әрі игілікті істер жасады. Ескерткіш тақтаның ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбеков көше тұрғындарының кие қонған бабаларын бұлайша ұлықтап жатқаны кейінгі ұрпаққа өнеге екенін және де бұл игі шара бүкіл қала жұртшылығы үшін үлгі етерліктей шара екенін алға тартты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсеткендей, мұндай рухани құндылыққа бай игі шаралардың қай уақытта да өскелең ұрпаққа үлгі болатындығын айтып, халық қолдап жатқан өнегелі іске өз ризашылығын жеткізді.
Осы орайда, Қарамолда туралы бір естелік ойға оралады. Кешегі кеңес заманында сонау Украинада тұратын бір әйел науқастанып, дертіне дауа таба алмай, әйгілі көріпкел болгариялық Вангаға барған. Ванга келген әйелге «Сен Қазақстанда құмның ортасында отырған бір адам бар, соған барсаң емің табылады», – дейді. Сол украиндық әйел Қазақстанға, Қызылорда облысына Қарамолда атаны іздеп келіп ем алып, дертінен айыққан деген деректер бар.
Қарамолда атаның қызы Ақкүріш Берсүгірованың естелігінде де мынадай аңызға бергісіз әңгіме бар. Соғыстан кейінгі ауыр жылдары, шамамен 1946-1947 жылдары колхоз жылқысын бағып жүріп, жазғытұрым қатты жауын болған күні астындағы бурыл атымен ата ізім-ғайым жоқ болып кетеді.
«Ол кезде біз Ақшұңқырда «Тауан» деген құдықтың басында отырғанбыз. Бүкіл ауыл болып іздегенмен таба алмады. Колхоз басшылығы мен ауданнан уәкілдер келіп, мемлекет малын түгелдемекші болды. Алланың құдіретін қарасаңызшы, жылқылар біреу айдап әкелгендей жан-жақтан үйір-үйірімен құдық жанына жиналды. Барлығы түгел, дін-аман. Тек бір жылқы жоқ. Ол – атаның өзі мінген бурыл аты еді. Арада бір-екі жыл өтті. Қарамолда ата әлі жоқ. Менің әкем Ахмет бірнеше рет намазын шығарамын деп оқталды. Бірақ, көңіл шіркін бауырын өлді деуге қимайды. Сонымен, үшінші жылы дәл сондай нөсерлетіп жауған жаңбырлы күні астында бурыл атымен Қарамолда атам ауылға оралады.
Үстіндегі киімі де еш өзгеріссіз. Алдынан жүгіре шыққан барлық балаларға бір-бірден айна, тарақ таратып берді. Қайда барды, қай жақтан келді? Балаларға таратқан мол сыйлықтарды қайдан алды? Меккеге барып келді ме? Әлде басқа жақта болды ма? Бұл сұрақтар сол күйі жауапсыз қалды. Өзі де айтпады. Сұрағандарға да жауап бермейді. Осылайша, бұл оқиға біздер үшін тылсым дүниенің жұмбағы болып қалды», – деп еске алады қызы Ақкүріш Берсүгірова.
Міне, осындай әулие кісінің абзал есімін құрметтеп, халықан пайдасы тиген атаның атына көше беру өскелең ұрпақтың санасында бабалар рухын жаңыртып тұрады.

Аманжол ЖОЛМАҒАНБЕТҰЛЫ,
Арал ауданы

04 шілде 2018 ж. 1 371 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области