Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ЖАС САРБАЗ» ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

«ЖАС САРБАЗ» ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ


Кеше Қызылорда облысының әкімдігі мен «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы арасындағы меморандумға қол қойылды. Сыр елінің тумасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Таласов Қызылордаға келді.
ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Таласов негізгі қызметінен бөлек «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының төрағасы болып табылады.
«Жас сарбаз» қоғамдық қозғалысының жұмысы арқасында елімізде әскери-патриоттық клубтар саны 2828-ге дейін артып, онда 73164 бала қамтылып отыр.
Айта кетейік, Қызылорда облысында қазіргі таңда 214 әскери-патриоттық клубта 4617 адам тәлім алуда.
«Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағы бізді қорғады. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде жас ұрпақты патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс. Бұл бастаманың тек қызылордалық жастар үшін ғана емес, жалпы, ел болашағы үшін маңызы өте зор. Қазақта «елді қорғау - ердің ісі, ерді қолдау - елдің ісі» деген қанатты сөз бар. Тарихта қайсар мінезбен танылған елміз. Сондықтан да, жастарымызды жақсылыққа, отансүйгіштікке, қайсарлық пен батырлыққа тәрбиелейтін мұндай жобаларды іске асыруға бір кісідей атсалысуымыз қажет деп есептеймін», - деді облыс әкімі.
Әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарына жанашыр болып жүрген Мұхамеджан Таласов «Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық тәрбиелеуді қалыптастыру және дамыту туралы» баяндамасында: «Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін «Ұлтжанды жас сарбаз» әскери-патриоттық жұмысын жетілдіру тұжырымдамасының жобасы әзірленген. «Жас сарбаз» қозғалысы жұмысының бірі Кадет сыныптарын ашу болып табылады. Білім және ғылым министрлігінің, қоғамдық қорлардың қолдауымен 101 кадет сыныбы ашылды. Онда шамамен 3 мың бала оқиды. Олар жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында маңызды әлеуметтік-педагогикалық негіз болып табылады», -деп атап өтті.
Сонымен қатар, осы мақсаттағы жұмыстарды қарқынды жүргізуге қолдау көрсеткені үшін облыс әкімі Қырымбек Елеуұлына ризашылығын білдіріп, өңірдегі әскери бөлімдер мен мекемелерге қамқорлық көрсетіп және жастарды әскери–патриоттық тәрбиелеудегі абыройлы әрі белсенді жұмыстары үшін Қорғаныс министрінің атынан «Ел қорғаны» медалін табыстады. Еліміздің әл-ауқатын арттыруда, жастарды Отансүйгіштік пен адалдыққа тәрбиелеуде Қызылорда өңірінің алар орны орасан зор екенін ерекше атап өтті. Әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру бойынша облыстық үйлестіру кеңесі құрылуын, орта мектептер арасынан кадеттік сыныптардың ашылуын ұсынып, меморандумды іске асыру бойынша шараларды жүргізу ісінде бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
Қызылорда облысының әкімдігі мен «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы арасындағы меморандумына қол қойылып, аймақ басшысы әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын қарқынды жүргізіп, меморандумды іске асыру бойынша тиісті жұмыстарды атқару үшін жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді.
Шараға облыстық басқарма, құқық қорғау органдарының, жоғарғы оқу орындарының басшылары, орта оқу орындарының өкілдері және оқушылар қатысты.



13 шілде 2018 ж. 941 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области