Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «МАМЫҚ» – ЖАСТЫҚ ТАЗАЛАЙТЫН ЖАЛҚЫ ЦЕХ

«МАМЫҚ» – ЖАСТЫҚ ТАЗАЛАЙТЫН ЖАЛҚЫ ЦЕХ


Өмірде қайсар жандар болады. Олар көп емес, санаулы. Соның бірі – біздің бүгінгі кейіпкеріміз. Ол басына түскен қиындықтарға қарамастан он екі мүшесі сау адамдармен тең еңбек етіп, күнделікті нәпақасын тауып жүрген қайсар жандардың бірі. Тамара Ақмағамбетованың бойындағы қабілеті, еңбексүйгіштігі мен ертеңгі күнге деген зор сенімділігі көпке үлгі боларлықтай десек қателеспейміз.
Т.Ақмағамбетова 2000 жылы Өзбекстаннан тарихи Отаны – Сыр еліне қоныс аударады. Ол жақта Тамара газбен жабдықтау саласында жұмыс істейді. Ал Шиеліге келген соң түрлі салаларда еңбек етті. Осыдан алты жыл бұрын ауырып, бірнеше рет ота жасатуға мәжбүр болды. Ақырында мүгедек арбасына таңылды. Алайда, Тамара бір ғана жәрдемақыға қарап отырғысы келмей, қосымша табыс табуды ойлады. Бірде облыстық мүгедектерді оңалту орталығында кезекті емін алып жүргенде «Даму» қорының семинарына қатысады. Менеджер шағын кәсіпкерлікпен айналысудың жолдарын түсіндіріп, ол үшін бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың бар екенін, бастысы жақсы бизнес жобасын ұсынғандарға арнайы грант берілетінін айтады. Осыдан соң Тамараның «кәсіппен айналыссам» деген ойы айқындала түседі.
– Сол кезде «кәсіппен айналысамын» деген ойға нақты бекідім. Дереу «Бизнес-Кеңесші» курсына жазылдым. Кәсіп ашу туралы біраз дәріс алдым, іздендім. Ең әуелі адамға ниет керек екен. Ниет болса, қолдан келмейтін шаруа болмайды,– дейді ол.
Тамара алғашында матрастар мен көрпе тыстар тігуді ойлапты. Алайда, арбада отырған жанға қиынға соғарын білді. Сонан бірде үйіндегі жастықтарға көзі түсті. Сөгіп тастап тазалауға кірісті. Бірақ, қанша тырысса да ойлағанындай болмады. Тамара интернет ақтарып, тозығы жеткен жастықтарды қалай тазартудың, жаңалаудың әдіс-тәсілдерін іздестірді. Ақыры іздегенін тапты. Жастықтардың түгін тазалайтын құрылғы Ресейде бар екен. Осылайша бинзес-жоспар да дүниеге келді. Қажетті құжаттарды жинап, «Бинзестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 1 млн теңгенің грантын ұтып алды. Ол қаржыға тозған жастықтарды өңдейтін цех ашты. Тамараның цехы бүгінде аудан ғана емес, облыс көлемінде жастық өңдеумен айналысатын жалқы цех болып тұр.
– Жастық тазалау процесі ұзақ уақыт алмайды, небәрі 15-20 минуттық шаруа. Тапсырыс берушілер жұмыс барысын бақылап тұра алады. Біткен соң клиентке шыққан қоқысты көрсетеміз. Сонда біздің жұмысымыздың қаншалықты шынайы екенін байқайды,– дейді ол. Тазалап болған соң жастықтың тысын тігіп, тап-тұйнақтай етіп иесіне тапсырады.
Тынымсыз Тамара мұнымен шектелген жоқ. Цехының жұмысы жолға қойылған соң ол көрпе, көрпеше секілді тұрмысқа қажетті бұйымдар тігетін «Мамық» деген атпен тігін цехын ашты. Сөйтіп ауылдастарын жұмысқа тартты. Бұған қоса белсенді өмір салтын ұстануды әдетке айналдырған ол «Айрықша би» жобасына да қатысады.
Жуырда ғана «Қазақстанның Бизнес-ледиі-2018» республикалық конкурсының аймақтық кезеңіне қатысып, екінші орын иеленді. Сондай-ақ, ол облыста тұңғыш рет өткізілген «Өзіңе сене баста!» атты мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер өнімдерінің көрме-конкурсының қатысушысы.
07 қыркүйек 2018 ж. 950 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области