СЕМИНАР ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесінде «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
Оған №9 Қызылорда қалалық психоневрологиялық ауруханасының маман психологы Г.Еңсепбаева, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «педагогика-психология» кафедрасының психологы С.Дәрібаева, Қызылорда облыстық прокуратурасының психолог полиграфы, басқарма прокуроры Ж.Абдуллаева, ҚР ҰҚК-нің маман психологы Д.Есенбаева, ЗК-169/5 мекемесінің маман психологы Ш.Бесбаева, МБД-ның өкілдігі «Ақмешіт-Сырдария» имамы Н.Жакеев, ішкі саясат бөлімінің дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Қ.Берік және ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу тобының бас маманы Ж.Есмаханов қатысты.
Онда қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуы, бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналатындығы айтылды. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын-алу мәселелері бойынша тоқталды. Әсіресе, интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу, қоғамда әсіресе діни қарымқатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке мүлде төзбеушілікке қалыптастыру керектігін айтты.
Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру жұмысы ұйымдастырылуға тиіс. Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік жолында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау қажет. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу бойынша үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, насихаттап отыру керек.
Айта кетейік, семинарды аталған мекеменің психолог мамандары ұйымдастырды.
Ж.ЖҰМАТАЕВА,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті
ЗК-169/1 мекемесінің психолог маманы