Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 500 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛГЕН

500 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛГЕН


Маңызды жобалардың ең маңыздысы жол жөндеу жұмыстары. Осыдан бірнеше жыл бұрын жол мәселесі жиі көтеріліп тұратын. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында жол жөндеу жұмыстары біршама шешімін тапқан. Қаланың шет аймақтарының өзінде бірлі-жарым көшелерінде болмаса, көбіне көп асфальт жүргізілген. Атқарылған жұмыстар бойынша айтар болсақ, соңғы жылдары облыс орталығында жол құрылысын дамытуға 23 млрд. теңгеден астам қаржы тартылып, 500 шақырымнан астам жолдар орташа, күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан өтті. Оның ішінде, қаламыздың шет аймақтарынан 37 көше жөнделді. Сондай-ақ 1 млрд. 550 млн. теңге қаражатқа 150 шақырымды құрайтын 39 көшеге жаяу жүргіншілер жолдары салынды. 1 млрд. 357 млн. теңгеге 144 шақырымдық 94 көшеге жарық бағаналары орнатылды. 72 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік жолдары мен автотұрақтары жөнделді.
Биылғы жылы да бұл бағыттағы жұмыстар тиісті жалғасын табуда. Атап айтқанда, қала көлемінде 2 млрд. 33,5 млн. теңгеге 97,8 шақырымды құрайтын 112 көшеге орташа, ағымдағы, күрделі және қайта жаңғырту жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар жыл басында Жібек жолы мен Ділманов көшелерінің қиылысында орналасқан 180 млн. теңге болатын жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілді. Бұл көпірдің ерекшелігі мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жедел саты бар.
31 қазан 2018 ж. 577 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области