Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АБЫРОЙЫ АСҚАҚ – «РЗА» АҚ

АБЫРОЙЫ АСҚАҚ – «РЗА» АҚ


Ауылдың табиғи өнімін қалалықтарға жеткізіп отыратын «РЗА» АҚ-ның «Дәмді» атты өнімі бүгінде тек қызылордалықтарға ғана емес, сонымен бірге еліміздің кез-келген өңіріне кеңінен таныс. Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан шығатын бұл өнімде өзіндік ерекшелік бар. Аталған өнім қазақтың ұлттық тағамдары, оның ішінде сүт өнімдерін табиғи қалпында сақтап тұтынушы көңілінен шыға біледі.
«РЗА» АҚ бүгінде аудан тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған әлеуеті жоғары жұмыс берушілердің қатарына кіреді. 20 жылға жуық уақыттан бері үздіксіз жұмыс жасап, тұтынушыларға өз өнімдерін ұсынып келе жатқан «РЗА» АҚ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған республикалық «Жомарт жүрек» байқауы бойынша Қазалы ауданының «Жылдың үздік ұйымы» номинациясына ие болған.


Кәсіпорын 251-ден 3000 адамға дейін жұмысшылар санымен азық-түлік тауарларын және ауылшаруашылығы өнімін өндіру" номинациясы бойынша өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы саласындағы жетістіктігі үшін ТМД Экономикалық кеңесінің шешімімен ТМД сыйлығының дипломанты атанған.
Сонымен қатар Елбасының сапа саласындағы «Алтын сапа» және бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi саласындағы «Парыз» байқаулары бойынша үздiктер қатарынан орын алған. 2011 жылы «Қазақстанның үздiк тауарлары» республикалық байқауының жеңiмпазы атанды.
Бүгінде атағы алты алашқа тараған «РЗА» АҚ-ның жеткен жетістіктерін тізіп шығу мүмкін емес. Ел игілігі жолында қызмет етіп келе жатқан кәсіпорынның әлі талай жетістікке жететіні белгілі.
Абыройы асқақ бұл компания қазіргі таңда ауданының көркеюіне, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге баса көңіл бөліп, өз үлесін қосып келеді. Кәсіпорын әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық шараларын және акцияларды тиімді жүзеге асыруда. Сондай-ақ қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізіп, қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушілік жасаудан бас тартқан емес. Жалпы, кәсіпорынның ауданның дамуына қосып келе жатқан үлесі зор. Бұл бағытта «РЗА»-ның әлі де талай қарымды қадамдар жасайтынына сенім мол.
06 қараша 2018 ж. 676 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области