Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда түйелер шетелге экспорттала бастады

Қызылорда түйелер шетелге экспорттала бастады

Қызылорда облысы Қазалы ауданында Есет Серімов басшылық жасайтын «Жеңіс» шаруа қожалығының түйелері Біріккен Араб Әмірлігіне экспорттала бастады. Бұл туралы шаруа қожалығының басшысы айтып берді.

– Араб түбегінен келген қонақтардың көзі қазақтың айыр өркешті түйесі мен түркімендердің түйесімен будандастыру арқылы алынған «Бір туған нар» деп аталатын түйе тұқымына бірден түсті. «Бір туған нардың» 1-2 жасарын және асыл тұқымды айыр өркештінің де бірнешеуін алды,
– дейді Есет Серімов.
Табиғаты қатал БАӘ-де ойсылқара тұқымына сұраныс жоғары. Жазы аптап ыстық, айналаны сусыз шөл дала қоршағандықтан жергілікті тұрғындар өзге жануарларға қарағанда түйе түлігін өсіргенді қолайлы көреді. Ал, табиғатында ұқсастық бар біздің өлкеден алған түйелер араб кәсіпкерлерінің оң жамбасына келетіні анық. Сондықтан да олар «Жеңіс» шаруа қожалығынан 20 бас және тағы бірқатар кәсіпкерлерден 9 бас түйе сатып алған екен. Жыл соңына дейін тағы да саудаласуды жоспарлап отыр.
– Олар бірінші кезекте 45 ойсылқара тұқымын сатып алды. Сол мақсатта арнайы ұшақ та жалдаған. Жыл соңына дейін тағы 100 түйе әуе кемесі арқылы Араб түбегіне жол тартады. Сондай-ақ, олар Сыр өңірінен 1000 бас қойды да ала кетпек, – дейді Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.
Бүгінде 2000 жылы негізі қаланған «Жеңіс» шаруа қожалығында 400-ге жуық түйе мен тағы да сол шамадағы қазақтың жабы жылқысы бар. Одан бөлек, аудан орталығындағы базарда шұбат, қымыз сататын дүкендері жұмыс істейді. Алдағы уақытта шаруа қожалығына қарасты заманауи кешен пайдалануға беріледі.
– Аудан орталығы Әйтеке би кентінен аумағы 1,8 гектар болатын бұл кешенде түйе, жылқы сауатын орын, мал бордақылайтын алаң, мал соятын қасапхана болады. Түйе, жылқы сауатын аппараттарды алып қойдық. Алдағы уақытта, бәрі жаңа технологиямен жабдықталып, жұмыс өнімділігі артырылады. Мал шаруашылығы өнімдерін молайтуға бағытталған ауқымды жоспарлар бар. Соның бірі шұбатты пластикалық құтыларға құйып, сауда қа-тарларына шығару. Бұл әрине көп еңбекті, қаражатты қажет етеді, – дейді «Жеңіс» шаруа қожалығының басшысы Есет Серімов.

Ақпарат көзі: qazaly.kz

07 қараша 2018 ж. 734 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области