Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында әлеуметтік нысандар ашылды

Қызылордада Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында әлеуметтік нысандар ашылды

Мереке қарсаңында қалаға қарасты Тасбөгет кентінде 140 орындық "Нұр Орда" балабақшасы, сондай-ақ қала орталығында "Small" көтерме сауда маркеті ашылды.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев Тасбөгет кентінің тұрғындарын Тәуелсіздік күні мерекесімен және балабақшаның ашылуымен құттықтады.
"Қызылорда қаласы бойынша бүгінгі күні жалпы саны 237 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Оның ішінде мемлекеттік балабақша саны - 26, мектеп жанынан ашылған шағын орталық - 6, жеке балабақша саны – 205. 2015 жылы 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуді мерзімінен бұрын 100 пайызға орындадық. Мұнда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың арқасында үлкен жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні балабақшалардың 71,2 пайызы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс істеп тұр»,-деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, тұрғындарды Тасбөгет кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Молдашев та құттықтады.
Бүгін, сонымен қатар, Қорқыт Ата көшесінде "Small" сауда үйі ашылды. Онда 12 мыңнан астам тауардың т үрлері ұсынылып, 134 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Айта кетейік, бұл - Қызылордада "Small" сауда желісінің төртінші дүкені. Жыл басынан бері облыс орталығында 67 кәсіпкерлік нысан ашылып, онда 1219 жаңа жұмыс орны құрылған.



13 желтоқсан 2018 ж. 513 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области