Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ерлі-зайыптылар мәйіті өз үйлерінде пышақталған күйі табылды

Қызылордада ерлі-зайыптылар мәйіті өз үйлерінде пышақталған күйі табылды

Айуандықпен жасалған қанды оқиғаны сол үйдегі 76 жастағы науқас әжей мен 2 жасар бала көрген, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысында бір отбасының үш адамы өз үйлерінде пышақталды. Күйеуі мен әйелі және олардың мектеп жасындағы балалары қан жоса күйінде жатқан. Жан түршігерлік жағдайды осы отбасының ағайыны бірінші болып көрген.
«Ақмарал менімен бірге жұмыс істейтін. Келмей қалды. Себебін білу үшін үйге бардым. Есікті ашқаным сол еді, табалдырықта үшеуі өліп жатыр.
76 жастағы Ақмаралдың анасы мен олардың 2 жасар балалары от жағып сол маңда ештеңе болмағандай отыр екен. Апа баяғыдан ауырады, ол оқиға жайлы ауыз ашпай отыр», – дейді марқұмдардың туысы.
Қорқынышты жағдайдан дүрліккен ауыл тұрғындары болған жағдайға өздерінше болжам жасай бастаған. Көпшілік отағасы бірінші әйелі мен баласын өлтіріп, кейіннен өзіне қол салды деп болжауда.
«Мен оқиға дәл осылай өрбіді деп айта алмаймын. Себебі, інім ешқандай да әйелін, туған баласын өлтіретіндей қаныпезер емес еді»,- дейді марқұмның туысқан.
Қазірге құпия өлімнің себебі мен кімнің жасағанына байланысты ешқандай мәлімет жоқ. Жергілікті полиция да ештеңе айтпай отыр.

22 қаңтар 2019 ж. 448 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области