Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық мемқызметшілердің артық жұмысы азайған

Қызылордалық мемқызметшілердің артық жұмысы азайған

Соңғы 3 айда Қызылордалық мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істеу фактілері 15 есе азайған.

Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Абзал Мұхимов баспасөз-конференциясы барысында мәлім етті.
Бүгінде аймақтағы 24 департамент пен басқармаларда жұмыс аяғында компьютерлерді автоматты түрде өшіру бағдарламалары орнатылған.
«Қоғам өкілдерімен бірлесіп мемлекеттік мекемелерде жұмыс уақытының сақталуына, заңсыз артық жұмыс істеу фактілерін анықтау бойынша рейдтер өткізіп жатырмыз. Сондай-ақ, соңғы 4 ай көлемінде облыстық мекемелер үйіндегі СКУД жүйесі арқылы қызметшілердің жұмыстан қайту уақыттарына талдау жүргіздік. Талдаумен анықталғандай мемлекеттік мекеме қызметкерлері қыркүйек айында 791 сағат жұмыста артық кідірген болса, қазан айында 240 сағат, қараша айында 157 сағат, ал желтоқсанда 53 сағат кідірген. Яғни, профилактикалық шаралар нәтижесінде қызылордалық қызметкерлердің жұмыста қалу фактілері азайып келе жатқанын байқауға болады», - деді Департамент басшысы Абзал Мұхимов.
Еңбек тәртібін бұзуға жол берген мемлекеттік мекеме басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында тиісті шешімдер қабылдау үшін облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасына жинақталған материалдар жолданған.
22 қаңтар 2019 ж. 474 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области