Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жастар жылы жас қазақстандықтарға қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Жастар жылы жас қазақстандықтарға қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жастар жылының ашылуында сөйлеген сөзінің қорытындысы бойынша негізгі месседждері жарияланды. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz АА ҚР Қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

- «Жас Маман» (100/200) бағдарламасы әзірленетін болады: 200 мың қазақстандық 200 танымал білім беру мекемелерінің базасында 100-ден аса танымал мамандықтар бойынша дайындалады;
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мамандықтардың тізімі кеңейтіледі. Ауылға көшкен жас мамандарға 100 АЕК (252,500 теңге) көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі;
- Студенттік еріктілерге арналған стипендиялар 30% -ға өседі;
- Стартаптарды қолдау Қоры құрылады;
- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге екі есе көлемде гранттар бөлінеді;
- Жыл сайын Алматы, Астана, Шымкент қалаларында жас отбасыларға жалға берілетін тұрғын үй аясында кем дегенде 1000 пәтер салынатын болады;
- Біздің елімізде қашықтықтан білім беру саласы кеңейтіледі, бұл үшін Open University жобасы әзірленеді;
- Жас ғалымдардың қолданбалы ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға жыл сайын 3 млрд. теңге бөлінеді.
Мемлекет басшысы Қазақстандағы жастар жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқанын естеріңізге сала кетейік, оның шеңберінде сапалы білім беру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, тұрғын үй мәселесін шешу, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды дамытуға бағытталған шаралар қабылданатын болады.
25 қаңтар 2019 ж. 726 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области