Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында 2019 жылы қалған 3 ауданға газ тартылады

Қызылорда облысында 2019 жылы қалған 3 ауданға газ тартылады

Бүгінде аймақта Қызылорда қаласы мен облыстың 7 аудан орталығының 4 газдандырылды. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халыққа есеп беру жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Нәтижесінде халықтың 64% табиғи газды тұтынуға мүмкіндік алды.
2018 жылы қалған 3 аудан орталығына – Жосалы, Тереңөзек және Жалағашқа көгілдір отын жеткізілді. 2019 жылы кентішілік газ желісінің құрылысы басталады.
«Биыл Жосалы, Тереңөзек және Жалағашқа газ жеткізілуде, ендігі кезекте кентішілік газөткізу желісінің құрылысына кірісеміз. Бұйырса, биылғы жылдың қазан айында аудан орталықтарының тұрғындары, сонымен бірге, әлеуметтік нысандар газды пайдалана бастайды. Келесі кезекте – 16 тіректі елді мекендер»,-деді аймақ басшысы.
2015 жылы 4 аудан орталығы (Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері) көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. 2017 жылы Байқоңыр қаласына газ берілді.
13 ақпан 2019 ж. 379 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области