ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КЕЛБЕТІ АЖАРЛАНЫП ЖАТЫР
Бұл бағытта Қызылорда қаласы әкімдігі жасаған ұсыныс мекемелер мен серіктестіктер тарапынан қолдау тапты.
Қала аймағында қызмет жасайтын 20-ға жуық мекеме қаланың орталық көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің қас беттерін әрлеп беруге үлестерін қосуда.
Қолданыстағы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң нормаларына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарға тұрғындар қатысуы міндеттелгенімен, бірнеше жылдан бері сырланбаған тұрғын үйлердің келбеттері оңып, қаланың басты көшелерінің көркін бұза бастаған.
Аймақта Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастау алған «Туған жерге тағзым» акциясы негізінде "Қала ортақ үйіміз" деген ұстанымды ұстаған белсенді ел азаматтары бұл жұмыстарды тұрғындардан еш қаржы талап етпей, өз қаражаттары есебінен жүргізуде.
Пікір 1