Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері басты назарда

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері басты назарда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәжіліс залында аймақтағы сот корпусы өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өтті, деп хабардайды Kyzylorda-news.kz.
Шараның мақсаты - қоғамның жегі құртына айналған сыбайлас жемқорлық қылмыстарын әшкерелеу, жолын кесу және тергеу барысында ашықтық пен объективтілікті басшылыққа ала отырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын, олардың бұзылмауын қамтамасыз ету мәселелері болды.
Аталған мәжіліс Департамент басшысының орынбасары Б.Жандарбековтың төрағалығымен өткізіліп, Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы А.Сұлтанбеков және Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Т.Тілеп хабарламалар жасады.
Департаменттің тергеу басқармасының басшысы Р.Яғмусов өзінің баяндамасында өндірістегі істердің мән-жайына тоқталып, ағымдағы жылдың 3 айында сотқа 47 қылмыстық іс жолданғанын және қызметкерлер тарапынан жетілдірілуі қажет етілетін процессуалдық іс-әрекеттерге көңіл бөлу керек екендігін баса айтты.
Кездесудің қорытындысымен сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстық істер бойынша сот тәжірибесіне, дәлелдерді бағалауға, әрекеттердің саралануына, залалды белгілеуге, тергеу әрекеттерін санкциялауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, сондай-ақ өзара іс қимылдың өзекті мәселелері талқыланып, нақты шаралар белгіленді.
11 сәуір 2019 ж. 545 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области