Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жылу беру маусымының қорытындысы бойынша мәжіліс өтті

Жылу беру маусымының қорытындысы бойынша мәжіліс өтті

Қызылордада облыс әкімдігінің мәжіліс залында жылу беру маусымының қорытындысы бойынша жиын өтті, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев ағымдағы жылдың 2 мамырына дейін алдағы жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік нысандар бойынша қажетті отын қорын жасақтауды 100 пайызға, тұрғындар бойынша 80 пайызды қамтамасыз етуді, әлеуметтік нысандардың жылу қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев өңірдің коммуналдық кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істегендігін және ауқымды авариялар орын алмағанын атап өтті. Сондай-ақ, келесі жылу беру маусымына уақытылы дайындық жүргізу керектігін айтты.
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы туралы баяндады.
"Жылу беру маусымында облыс бойынша әлеуметтік нысандардың білім саласындағы 495, мәдениет және спорт саласындағы 405, денсаулық саласындағы 266 нысанға және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 763 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етілді. Осыған орай, орталықтандарылған жылумен қамтамасыз ететін «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-нің үстіміздегі жылыту кезеңінде тоқтаусыз жұмыс жасауы мақсатында 602 тонна мазут отыны сатып алынды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде облыста қосымша 31 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтары газға ауыстырылады. Қазіргі таңда, әріптестік аясында Арал және Шиелі аудандарындағы 13 әлеуметтік нысандардың жылу қазандықтары газға аусытырылуда. Нәтижесінде, әлеуметтік нысандарды жылытуға жұмсалатын шығын 4-5 есеге төмендейді. Қалған әлеуметтік нысандарға конкурсттық құжаттары әзірленуде. Бұл жұмыстар газдандырылған аймақтарда кезең-кезеңімен жүргізілетін болады», - деді М.Усаин.
Сондай-ақ, мәжілісте коммуналдық кәсіпорындардың басшылары мен қала және аудан әкімдері атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
15 сәуір 2019 ж. 622 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области