Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада көші-қон тәртібін бұзған 622 шетел азаматы анықталды

Қызылордада көші-қон тәртібін бұзған 622 шетел азаматы анықталды

Бұл азаматтардың 28-і сот қаулысымен ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Kyzylprda-news.kz «Қазақстан» ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.Сондай-ақ, осы шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан 56 қазақстандыққа әкімшілік шара қолданылды. Көші-қон қызметкерлерінің айтуынша, қазір құрылысқа өзбектер арзан жұмысшы күші ретінде кеңінен пайдаланылады. Сондай-ақ, базарларда сауда-саттықпен айналысу үшін келетіндер де көп. Әсіресе, көктем-жаз мезгілдерінде мигрант мәселесі ушыға түседі. Сондықтан полицейлер қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Осыдан екі ай бұрын облыс орталығында көші-қон қызметтері орталығы ашылған болатын. Бұл да аймаққа келетін мигранттардың құжаттарын оңтайлы заңдастыруда өте тиімді болып тұр.
«Былтырғымен салыстырғанда биылғы көрсеткішіміз төмен. Себебі осы орталықтың ашылуына байланысты және өзіміз күнделікті профилактикалық іс-шара жүргіземіз. Соның арқасында биыл заңсыз жүрген шетелдіктер азайып отыр», - дейді облыстық Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Аруын Жолдасбаев.
17 сәуір 2019 ж. 375 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области