Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тука «Айқынның» тілшісін «тонады»

Тука «Айқынның» тілшісін «тонады»

Kyzylorda-news.kz. «Айқын» газетінің журналисі, белгілі сатирик Мұхтар Шерім Фейсбуктегі парақшасында «Алдараспан» театрының жетекшісі, халық арасында «Тука» есімімен белгілі болған Нұржан Төлендиевті «ұрлады» деп айыптады, деп жазады «Айқын».
Мәселенің мән-жайын толық түсіну үшін Мұхтар Шерімнің жазбасын сіздерге өзгертпей ұсынуды жөн деп таптық.
«Алдараспан» әзіл-сықақ театрының жетекшісі, әртісі Нұржан-Тука Төлендиев інімді жұрттың бәрі жақсы көреді. Мен де құрметтеймін. Өнерін. Талантын. Осы уақытқа дейін оның талантына махаббатым маздап тұр еді, «Алдараспанды» көріп отырып, оған деген ыстық ықыласыма біреу су сепкендей, әлдекім мені ыңқ еткізе тепкендей, таңдайымда құрғақшылық болып, қаңсып кепкендей, сілейдім де қалдым.
Неге дейсіздер ғой? «Тука» інімнің ұры екенін көріп, көздерім алақандай, көңілім жорғалап бара жатқан тарақандай болды! Ойпырмай, бұлар да таусылады екен ғой! Таусылған соң ұрлыққа барады екен ғой? Ол менің үйіме ұрлыққа түскен жоқ, ол менің шығармамды, сатирамды ұрлап кетті! Тал түсте!
Әлеуметтік желілерде жарияланып кеткен «Сирияға кеттім!» атты сатирамды ұрлап, монолог жанрында айтып шықты! Кейіпкерімнің әйелі «Сиырға кеттім!» деп күйеуіне хат жазып кеткісі келеді, бірақ сауатсыздығынан "Сирияға кеттім!" деп жазып қойған. Оқиға осылай өрбиді. Нұржан інімнің сатирамды орындағанына мәз болар едім-ау! Бірақ ұяттан жұрдай, әшейінде сахнада ұлағатты сөздер айтуға келгенде алдына жан салмайтын інім «Сирияға кеттім» сатирамды орындағанда, эфирде «авторы Нұржан Төлендиев» деп берді. Бұл не сонда? Тонау ғой? Дереу өзіне қоңырау шалдым.
«Ойбай, сіздікі ме еді? Маған вацаппен келіп еді... Кешіріңіз... Телевидениеге айтып, фамилияңызды қойдыртамын» деп ақталып жатты ұялмастан. (Бұл дауысын жазып алдым.)
Сонда қалай, вацаппен авторсыз келген әзілдерді Төлендиев мырза өзі жазғандай иеленіп кете бере ме? Авторлық құқығымды талап етіп, сотқа шағымдануым, моральдық шығын талап етуім мүмкін. Өзіме шақ теріме сыймай, әрі жақсы көретін інімді ұры деуге қимай отырмын... Осы бағдарламасында менің тағы бір сатирамды иемденіп кетіпті. Суцид туралы жазғанмын. Идеямды, оқиғаны ұрлаған. Оны да дәлелдей аламын.
Кезінде «Шаншарға» «Үбән» атты әзілімді өзім беріп, осы Нұржан тамаша орындап шыққан еді. «Алдараспанға» «Евромоламды» беріп, ерекше орындап, тағы бір қуантып еді. Енді міне, еңсем есікке қысылып, ұнжырғам ұн болып отыр! Шынында, «Алдараспан» кейінгі кезде аласарып, алақ-жұлақ ете бастады, сөйтсем, таусыла бастапты ғой! Егер маған әлеуметтік желіде кешірім сұрамаса, авторлығыма нұқсан келтірмесе, жағдайы ушығып тұр «Туканың»...»
02 мамыр 2019 ж. 649 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области