Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Баласы сабаққа бармаған ата-анаға айыппұл салына ма - министр жауабы

Баласы сабаққа бармаған ата-анаға айыппұл салына ма - министр жауабы

Kyzylorda-news.kz. ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова баласы сабаққа бармайтын ата-аналарға айыппұл салуға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы, айыппұл балаларын мектепке жібермейтін ата-аналарға арналған. Өкінішке орай, мұндай проблема тек бірінші сыныпта ғана бар. Дегенмен өзге де сыныптарда кездесіп жатады. Сондықтан проблеманың бір жағын шешіп жатсаң екінші жағы шыға келеді. Бірақ, барлығына бірдей айыппұл салу туралы сөз болып отырған жоқ. Әр мәселе жеке-жеке қаралатын болады», - деді Күләш Шәмшидинова бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың басында WhatsApp мессенджері арқылы «Білім министрлігінің бұйрығына сәйкес сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-аналары мемлекет қазынасына 15883 теңге айыппұл төлейді» деген хабарлама тарап, ата-аналардың ренішін туғызған болатын.

04 маусым 2019 ж. 375 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области