Қазалыда кафельге арналған клей шығаратын цех іске қосылды
Kyzylorda-news.kz. Қазалыда алғаш рет жоғары сапалы кафельге арналған клей шығаратын шағын цех іске қосылды. Жанқожа батыр ауылының тұрғыны Алмагүл Төлепова өз кәсібін бастау үшін «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 3,5 млн теңге несие алған. Жаңа өнімнің аудан құрылысшылары үшін тиімділігі зор...