Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰШАҚ ТАРАЗДА ШҰҒЫЛ ҚОНУҒА МӘЖБҮР БОЛДЫ

ҰШАҚ ТАРАЗДА ШҰҒЫЛ ҚОНУҒА МӘЖБҮР БОЛДЫ


    Таразда шұғыл қонған ұшақтың себептері туралы әуекомпания өкілдері түсініктеме берді.
    Ұшақтағы өрт туралы ақпарат расталған жоқ.
    Алматы-Атырау бағыты бойынша ұшқан Bek Air әуекомпаниясының ұшағы Таразда шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады Zakon.kz.
    Bek Air әуекомпаниясының бас директоры Сырым Омаржановтың мәлімдеуінше, 2105 рейсты ұшақ Алматыдан Атырауға қарай бет алған. Ұшу барысында ұшақ салонының қысым көтеру көрсеткіші жоғалып кеткен.
    "Командир сәл төмендеп ұша алатын еді, алайда Атырауға дейін алыс болғасын ол Таразда қонуға шешім қабылдаған. Қазір Алматы әуежайынан қосымша борт шықты, Тараздағы барлық жолаушылар Атырауға жөнелтіліп, рейс соңына дейін орындалады. Қалған егжей-тегжейлі ақпарат анықталуда", - деп мәлімдеді Омаржанов.
    Жоғарыда атап өткеніміздей, интернетте тарап кеткен ұшақ ішіндегі өрт туралы ақпаратты әуе компаниясының бас директоры жоққа шығарды.  

20 ақпан 2018 ж. 1 109 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области