Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АТЫРАУ МҰНАЙ ЗАУЫТЫНДА ҚЫТАЙ АЗАМАТТАРЫ КҮЗЕТШІЛЕРМЕН ТӨБЕЛЕСІП ҚАЛДЫ

АТЫРАУ МҰНАЙ ЗАУЫТЫНДА ҚЫТАЙ АЗАМАТТАРЫ КҮЗЕТШІЛЕРМЕН ТӨБЕЛЕСІП ҚАЛДЫ


    «Ақ Жайықтың» бейресми ақпарат көзінің хабарлауынша, Атырауда 27 ақпан күні «Sinopec Engineering» компаниясының шетелдік қызметкерлері мен Атырау мұнай өңдеу зауытына қызмет көрсететін күзет компаниясының қызметкерлері арасында жаппай төбелес орын алған.
    ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева жазбаша сауал жіберуді өтініп, «АЖ» тілшісіне толық мәлімет бермеді. «Ахуал полиция бақылауына алынған», — деді тек Н.Қайсағалиева.
    Әзірше бізге бақылау-өткізу пунктіндегі күзетшілермен төбелеске шамамен ҚХР-дың 6 азаматының қатысқаны ғана белгілі. Ал оларды жұмыс күнінің аяғына қарай зауыт аумағынан белгіленген уақыттан бұрын жібермегендігі жанжалға себеп болған.
    Айта кетейік, «Sinopec Engineering» компаниясы – «АМӨЗ-ді қайта жарақтау және жаңғырту» жобасының бас мердігер мекемесі.
    Естеріңізге салсақ, бұрынғы жылдары да бұл нысанда шетелдік және жергілікті жұмысшылар арасында анағұрлым кең ауқымды қақтығыстар мен түрлі жанжалдар орын алған болатын.

01 наурыз 2018 ж. 777 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области