Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда «Масленица» мерекесі басталды

Қызылорда «Масленица» мерекесі басталды

Kyzylorda-news.kz. Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында құймақ апталығына арналған «Ескі ғасыр дәстүрлері» фольклорлық мерекесі өтті. Шараны «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы облыстық кітапханамен бірлесіп ұйымдастырды.
Мерекелік іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары А.Жұмабаев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ж.Нұрсейтов атындағы №233 орта мектептің оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты.
Орыс халқының мазмұнды мерекесінде халық өнері, тағамдары, киімдері, қолөнері, әндері, салт-дәстүрлері туралы кітап көрмесі ұсынылды.
Кездесуді облыстық кітапхананың директоры Н.Мырзамуратова және «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің төрайымы Г.Щербакова ашып, барлық қатысушыларды осы мерекемен құттықтап, ынтымақтастық пен өзара көмек үшін ризашылықтарын білдірді.
Фольклорлы мереке аясында славян этносының салт-дәстүрлері, «Сударушки» ансамблі, «Надежда» жастар тобы және олардың солистері орындайтын өрнектелген әндер мен билер көрсетіліп, «Шалқан» ертегісіне негізделген көрініс қойылды. Балалар халық ойындарын ойнап, жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдерді жалғастырды.
Айта кету керек, Масленица - бұл апта бойы атап өтілетін қысты шығарып салу және көктеммен кездесуге арналған мереке. Әр күнді мерекелеудің өзіндік ерекшеліктері бар, ал дүйсенбі - Масленицамен кездесу.






25 ақпан 2020 ж. 12 301 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области