Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы жазасын өтеушілер спортқа бейім

Қызылордадағы жазасын өтеушілер спортқа бейім

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде жаза мерзімін өтеуші азаматтардың қатысуымен спорттық шара өтті.
Спорттың 5 түрінен өткізілген шараға 8 жасақтан 8 команда қатысты.

«Сотталғандар арасында оң мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында тәрбиелік және спорттық шараларды жүйелі түрде ұйымдастырамыз, сотталғандардың туыстарын қатыстыру арқылы «Ашық есік» күндерін өткізіп тұрамыз», деді – ЗК-169/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет капитаны Д.Ералиев.
Жарыстың нәтижесі бойынша жеңімпаз деп танылған командалар мен «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» номинацияларын иеленген жазасын өтеуші азаматтар Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының грамотасымен марапатталды.
«Үздік шабуылшы» номинациясын иелендім. Спорт шеберлігіне үміткер атағым бар. Мерзімнен бұрын шартты түрде бостандыққа шығып жатсам да спорттан қол үзбеймін» - дейді жазасын өтеушілердің бірі.
21 тамыз 2019 ж. 405 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области