Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дәулет Ниязбеков пен Ғалымжан Өсербаев еркін күрестен Қазақстан чемпионы атанды

Дәулет Ниязбеков пен Ғалымжан Өсербаев еркін күрестен Қазақстан чемпионы атанды

Шымкент қаласында күрес түрлерінен V жазғы Қазақстан Республикасының Спартакиадасы аясында өткен ел чемпионатында Қызылорда облысының спортшылары табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Жарыс қорытындысында еркін күрестен өнер көрсеткен жерлестеріміз 2 алтын, 1 қола медальмен жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.
Атап айтсақ, 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дәулет Ниязбеков пен 79 келіде Ғалымжан Өсербаев Қазақстан чемпиондары атанды. Дәулет ақтық сайыста павлодарлық Саятбек Оқасовты 11:7, ал Ғалымжан қарағандылық Шамиль Муртазовты 4:1 есебімен жеңіп, қос алтынды облыс қоржынына салды.
Сондай-ақ, осы спорт түрінен 70 келіде Қанат Мұсабековпен грек-рим күресінен 97 келіде Олжас Сырлыбай қола жүлделерді иеленді.
Спортшылардың барлығы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алады.

11 ақпан 2019 ж. 780 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области