Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мақсат Исағабылов «Сыр барысы» атанды

Мақсат Исағабылов «Сыр барысы» атанды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. Сайыс қорытындысы бойынша «Қазақстан барысы» жарысына қатысатын балуандар белгілі болды.

Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке үш кезең бойынша өткізілді. Оған төрт жас деңгейінде 8000-ға жуық спортшы сынға түсті.
Түйе палуан сайысына 24 спортшы қатысты. Олардың арасында қызылордалық Мақсат Исағабылов «Сыр Барысы» атанып, «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 125 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Күміс жүлдені «Сыр Арланы» аралдық Нұрым Сəлімгереев қанжығасына байлап, ол 540 мың теңгеге ие болды. «Сыр Сұңқары» қармақшылық Марат Баймахановқа 360 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Ағымдағы жылдың 8 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турниріне Сыр өңірінен Мақсат Исағабылов пен Нұрым Сəлімгереев қатысатын болады.

13 мамыр 2019 ж. 586 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области