«Үнсіздер мәжілісіне» үнсіз кірген Молла Жәми
Ерте замандарда Иран елінде хакімдер мен ақындардан құралған «Үнсіздер мәжілісі» атты бір мәжіліс болған екен. Мүшелерінің саны да отыз адам. Одан артық та алмайды, кем де алмайды. Тура отыз адам болуы тиіс. Бұл мәжіліске мүше болудың ең басты шарты болса – көп ойлану, аз жазу, өте аз сөйлеу.

Мәжіліс төрағасы Молла Жәмиді араларына алған соң, есімін тізімге жазады да, отыз санының соңына тағы бір нөл санын қосып, «300» деп жазады. Мұнысы да мәжілісіміздің салмағы Молла Жәмидің арқасында он есеге артты дегені еді. Мұны Молла Жәми де түсінеді. Алайда өзін барынша қарапайым ұстайтын Молла Жәмидің көңілі бұған разы болмай, отыз санының соңындағы бір нөлді өшіріп, отыздың алдына «030» деп жазады. Қарапайымдылықты жаны сүйетін Молла Жәми осылайша өзін нөлге теңеп, гүлдің күлте жапырағы секілді суды тасытпағанындай, өзінің де мәжілістің құрылымын бұзғызы келмейтінін білдіреді. Мұны көрген мәжіліс мүшелерінің Молла Жәмиге деген құрметтері одан сайын артып, мәжілістің жаңа мүшесін араларына ерекше ықыласпен қабылдайды.
Міне, мұсылман да қоғамда гүлдің күлте жапырағындай болуы тиіс. Қоғамға жүк болмай, қоғамның жүгін арқалауы керек. Әрі қоғамға санның соңына тіркелетін нөлдей үлес қосып, бұл қызметін де санның алдына жазылған нөлдей көруі тиіс.
Салтан САЙРАНҰЛЫ