Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ


Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мәні аса зор еңбегінің жас ұрпаққа берер үлгі-өнегесі өлшеусіз. Ұлттық сананы жаңғырту жолында рухани сілкініс туғызған еңбектің тарихи тағылымы ұшан теңіз. Аталған мақалада тағылымы мол тарихымызды зерделеуге, төлтума мәдениетімізді қолдауға қатысты нақты міндеттер атап көрсетілді.
Осы ретте терең зерттеуді қажет ететін Жалағаш ауданындағы тарихи мұнаралар жайында сыр шертпекпіз.
Жомарт мұнарасы Жаңадария ауылының оңтүстік - батысында 45 км. жерде, Жаңадария өзенінің оң жақ жағасында орналасқан. Мұнара Жомарт деген адамның атымен аталғанымен, ол кісі жөнінде казіргі таңда ешқандай мәлімет жоқ.
Жомарт мұнарасы құмтөбенің басына орналасқандықтан болса керек, басқа мұнаралармен салыстырғанда биіктігі әлдеқайда аласа. Мұнараның жалпы пішінін конус тәрізді, сүйірлеу етіп, көлемі 8 х 20 х38 см. болатын қам кірпіштерден қаланған. Құмның үстіне салынғандықтан бұл мұнараның астына қамыс төселмеген. Іргетасының орнына мұнараның табанына қалыңдығы 84- 85 см. болатын сабан қосып иленген сазды топырақтан (пахса) қалың етіп фундамент құйылған. Мұнараның едені де осы биіктікке дейін көтерілген.
Мұнараның күмбезі ішкі бетке қарай қирап түсіп, мұнараның жоғарғы жағын ( шамамен 2,4 м.) бітеп тастаған. Кіреберіс есігі оңтүстік- батыс жаққа қараған. Сыртқы бетінде мұнара биіктігінің жартысына дейінгі қабырғаға арматура ретінде сексеуілдің жұқа бұтақтары қоса қаланған. ( ұзындығы шамамен 30 см.)
Өлшемі: Биіктігі - 5,7 метр. Астыңғы жағының диаметрі - 2,6 метр, жоғарғы жағының диаметрі - 1 метр, қабырғасының қалыңдығы - 0,9 метр, жоғарғы жағының қалыңдығы – 0, 45 метр.
Жаманқара мұнарасы. Жаманқара Әлім - Төртқараның ауқатты байы болған кісі. Мұнараны осы кісі қайтыс болғаннан кейін ұрпақтары көтерген.
Жаманқара мұнарасы Жаңадарияның оң жақ жағалауында, Жаңадария ауылының оңтүстік – батысында 20 км. жерде, ескі қорымның маңында орналасқан.
Мұнараның жалпы пішіні конус тәрізді жоғарғы жағы сүйірлеу болып, көлемі 8х 22 х 31см. болатын қам кесектерден қаланған. Биіктігі – 7,7 метр. Астыңғы жағының диаметрі- 3,3 метр. Қабырғасының қалындығы - 1 метр. Кіреберіс есігінің биіктігі - 1 метр. Сыртқы ені – 50 см. Ішкі бетінің ені – 40 см. Ішкі бетінің диаметрі - 1,34 метр. Қабырғасының ішкі бетінде бір – бірінен арақашықтығы 1 – 2 метрдей жерде үш баспалдақ қаланған. Мұнараның астына фундамент есебінде қалыңдығы шамамен, 10 - 12 см. болатын
бауланған қамыс төселген.
Казіргі уақытта мұнараның жоғарғы жағы ( шамамен 40-50 см.) жауын- шашын мен жел коррозиясының әсерінен қирап түскен.
Сәкей мұнарасы жергілікті тұрғындарға Санқай мұнарасы деген атпен белгілі.
Аңыз бойынша, аталған мұнара Тоқсейіт - Сарқасқа руының биі Саңқай деген кісінің басына тұрғызылған.
Аталған мұнара Жаңадарияның сол жақ жағалауында, Жаңадария ауылының оңтүстік- батысында 15 км. жерде, ескі қорымның ішінде орналасқан.
Мұнараның жалпы пішіні конус тәрізді жоғарғы жағы сүйірлеу болып келген. Өлшемі 8 х 18 х 31,5 см. болатын қам кесектерден қаланған.
Төбесі күмбезделіп жабылған. Кіреберіс есігін оңтүстік жаққа қаратып, жебе тәрізді үшбұрышты арка сияқты етіп жасаған. Есіктің биіктігі – 2 метр. Сыртқы бетінің ені – 75 см. Ішкі бетінің ені -57 см.
Мұнараның астына фундамент есебінде бауланған қамыс төселген. Сыртқы және ішкі беттерінде арматура ретінде сексеуілдің бұтақтары қам кесектермен бірге қаланған.
Мұнараның жалпы биіктігі- 7,5 метр. Қабырғасының қалындығы- 1,1 метр. Казіргі уақытта мұнараның жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде болғанымен, кіреберіс есігінің үсті шатынап жарылған.
Бытық мұнарасы жергілікті тұрғындарға Бітім мұнарасы деген атпен белгілі.
Аңыз бойынша, Кете руының Сойырқас аталығының бір байының қызына бір тайпаның игі жақсылары құда түсіп келеді. Сол тойдың көкпар жарысында төбелес болып, күйеу жігіт соққыға жығылып, қайтыс болады. Артынша қалындық та у ішіп өліп, екі елдің арасы бүлінеді. Кейіннен, екі ру татуласқаннан кейін, бітімгершілік белгісі ретінде бірге көмілген қыз бен жігіттің бейітінің басына осы мұнараны тұрғызады.
Мұнараның жалпы формасы домалақ. Көлемі 8х21х35 және 12х21х35 см. болатын қам кесектерден қаланған. Мұнараның астына фундамент есебінде қалыңдығы 10 см. болатын бауланған қамыс төселген. Мұнараның ішкі бетінде жоғары жаққа қарай көтерілу үшін 4 баспалдақ бар. Мұнараның сыртқы бетіне кесектермен бірге сексеуілдің жұқа бұтақтары да қоса қаланған. Мұнараның жоғарғы жағы жабылмай, ашық қалдырылған. Мұнараның солтүстік- шығыс жақ бетінде ішке бетке жарық түсіп, ауа соғып тұру мақсатында үшбұрышты арнайы тесік қалдырылған. Кіреберіс есігі оңтүстік – батыс жаққа қаратылып, үшбұрышты арка секілді етіп жасалған.
Мұнараның жалпы биіктігі- 6 метр. Астыңғы жағының диаметрі- 3,6 метр. Қабырғасының қалындығы - 85 см.
Казіргі уақытта мұнараның астыңғы жағының сылағы мен кесектерден қаланған сыртқы қабаты ортаңғы тұсқа дейін табиғат құбылыстары мен жел коррозиясының әсерінен мүжіліп, түсіп қалған.
«Kyzylorda-news»
22 маусым 2018 ж. 1 249 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области