Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШОҚТЫҒЫ БИІК АРАЛ БАТЫР

ШОҚТЫҒЫ БИІК АРАЛ БАТЫР


«Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс».
Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан

Арал өңірі – елдің елдігін сақтап қалуда ерен ерлік үлгісін көрсеткен хас батырлар мен от ауызды, орақ тілді билер, аттары аңызға айналған арқалы ақын-жыраулар шыққан шежірелі өңір. Сондай асылдардың бірі – ХІХ ғасырда өмір сүрген – Арал батыр Андаұлы.
Бұрынғы көнекөз қариялардың аңызға бергісіз әңгімелерін тыңдап өскен жанмын. Олардың Арал батыр жайлы майын тамызып айтқан әңгімелері әлі есімде.
Ол әрі би болған Алаштың ардақты азаматы. Тегі – Кіші жүз. Алшын-Әлімұлы-Шекті (Жаманақ) – Жақайым аталығынан шыққан.
Батыр жүзі ақсары, ірі денелі, сақалын өте қатты өсірмейтін кісі болыпты. Жауға қарсы соғыста Арал батыр ту ұстау міндетін атқарған екен. Туды жүректі әрі білекті жандардың ұстайтыны белгілі.
Арал ауданы Сексеуіл стансасының жанында Дәкі деген жерде Арал батырдың қонысы болған (Дәкі осы өңірде ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген батыр). Бүгінде Дәкі станциясының аты – Күнту.
Аралдың әкесі Алшынбай Қосқұлақтан төрт ағайынды: Байжан би, Назарқұл (Мерген) батыр, Шатырғұл болып келеді.
Арал батыр үш ағайынды: Арды, Сманбыт, Арал батыр. Аралдан Алданазар, Құлманбет батыр-болыс туады.
Арал батырды Сыр бойының ақыны Қарман Сұлтанұлы:
Аттанып шықты Дәкіден
Жақайымның Аралы,
Барғасын жаудың хабары – деп жырлаған. Ал Нұрғали Балтанбекұлы «Арал батыр» дастанында:
Жанқожа, Арал батыр көп адаммен
Келтірді кедергісін орыстарға-ай
Қазақстар орыстармен ұрыс қылып,
Ілгері жүргізбеді бір жыл ұдай...
Айрықша Арал батыр ұрыс қылып,
Алдынан бұзып шықты құрған тордан, - деп жырға қосады.
Арал батырдың шөберелері – Құлмамбетов Құдайберген ұста қазіргі уақытта бүкіл Қазақстанға белгілі зергер, Шаймекова Ханзада – Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат станциясында тұрады.
Арал батырдың қылышы, сауыты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында Бурабай деген жерде тайқазанға көмілген екен. Кейін бұл жерде монша салынған. Арал батырдың ұрпақтары сталиндік жаппай қуғын-сүргін заманында оны көрсете алмады. Уақыт өте тайқазанды іздесе де, таба алмапты.
11 қыркүйек 2018 ж. 888 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области