Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРА ҚИСЫҚ БАТЫР

ҚАРА ҚИСЫҚ БАТЫР


Бес қаруын асынған,
Беттескен жауын қашырған.
Туралап тартқан садағы,
Тимеген кейін жасыннан.
Ерегіскен дұшпанын,
Енді қайтып келместей
Көз көрмеске асырған.
(Базар жырау Оңдасынұлы)


Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер бағдарламасын қолға алуды ұсынған». Ел есінде сақталған біртуар перзенттері арқылы жас ұрпақтардың туған жер тарихын тануына ықпал жасайды. Соның бірі Қара Қисық батыр.
Қадым замандардан қалған қағида Елді Ер бастайды. Ат ауыздықпен су ішетін күндерде де алға шығатын тағы да сол Ер-азаматтар. Халқымыздың Отаншылдық сезімін оятып, тарих көшін бастаған ондай жандар елі мен халқының аласармас рухына айналады.
Қара Қисықтың руы – Құлыс Кете, оның ішінде Аю. Жас кезінде балаға әруақ қонып, атпен шауып жүреді екен. Елде Қаражабай деген би болған екен. Оның руы Сарманбет, оның ішінде Бостыбай аталығына жатады. Бірде Қаражабайдың насыбайы таусылып, ашуланып отырған кезде Қара Қисық келеді. Балам Насыбайды тауысып отыр едім деген Қаражабайға Қара Қисық атқа мініп шауып кетеді де насыбай әкеліп береді. Сонда Қаражабай «Балам алдың жарық, артың тұман болсын», - деп бата беріпті. Қара Қисық кеткен соң кемпіріне «Қарашы батаны келте беріп қалдым-ау» деген екен. Кемпірі далаға шығып қараса Қара Қисықтың арты тұман болып бара жатқанын көреді. Оны көріп Қаражабай әттеген-ай деп өкініп қалған екен. Батасы қалт кетпей даңқты батырдың балалары елеусіз болып, ақыл-ес науқасына шалдыққан екен дейді.
Арқада Қараманбет ханға сәлем береміз деп елдің игі жақсылары аттанады. Қара Қисыққа ешкім айтпайды. Бірақ өзі соңынан атпен шауып барып, ханға сәлем береді. Хан мына бала кім? – дейді. Сонда біреуі бұл әшейін жүрген бала ғой, - дейді. Сонда Қара Қисық айтқан екен. «Бұлар атасының басын өңгеріп жүрген, мен атамның басына тең келіп жүрген адаммын, атамды сұрап не етесіз, атам менің некесіз», - депті. Сонда хан: Мынау адам болайын деп тұрған бала ғой, кел қасыма отыр деген екен.
Қоқанның қазақпен жауласып тұрған заманында Хан сарғасқа Тоғанас батыр мен Қожеке батырды шақыртып Қара Қисықты қосып Хиуа хандығына барып, барлауға тапсырма береді. Сонда Қара Қисық «Өлсем мен өлейін, құнымды ала аласыңдар», - деп Хиуа хандығына барады. Қару-жарағымен хан сарайына кіріп, сәлемдесіп, ханмен табақтас болады. Асты алмас бұрын Ханға пышақпен сылып май асатады, хан жегеннен кейін барып өзі тамақ жейді. Себебі ол кезде қастасқан адамға «у» беріп өлтіру деген болған ғой. Екі ел арасындағы бітіспес мәселелерді шешіп, жауға шапқанда ерекше батылдығымен танылған. Ерлікпен қатар батырдың ақындығы да болған. Қара Қисық батыр 50 жасқа жетпей қайтыс болған. Сүйегі Қарақұмда Ешкі қырылған деген жерге жерленген екен. Көзі тірісінде «Маған белгі салмаңдар, жаулар сүйегімді өртеп жібереді» деген екен. Қазір Тұрмағамбет ауылының бір көшесі Қара Қисық атымен аталады.
09 қазан 2018 ж. 1 133 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области