Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мейрамханаға тікұшақпен келген ұшқыш қызметінен шеттетілді- комитет (видео)

Мейрамханаға тікұшақпен келген ұшқыш қызметінен шеттетілді- комитет (видео)

Kyzylorda-news.kz. Жас жұбайларды тікұшақтан мейрамхана алдына түсірген ұшқыш қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Азаматтық авиация комитетінің ақпаратына қарағанда, оқиға шамамен Шу қаласында болған.
«2019 жылдың 15 шілдесінде бірқатар БАҚ-та № UP-RB006 тіркеу нөмірлі R-44 тікұшағын қондыру сәті бейнеленген видео жарияланды. «Falcon Avia» ЖШС-не тиесілі тікұшақ елді мекен аумағында (шамамен Шу қаласы) қонған. Осылайша, ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 шілдедегі №509 бұйрығымен бекітілген азаматтық авиацияда ұшу қағидаларының 423-тармағының ережесі бұзылған», - делінген азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.
Аталған оқиға бойынша ҚР Азаматтық авиация комитеті елді мекен аумағына қонуға жол берген ұшқыш А.В.Матвиенконы ұшудан шеттетті. Сондай-ақ, «Falcon Avia» ЖШС-нің ұшу процестерін ұйымдастыру жұмыстарын тексеру үшін инспекциялық комиссия жіберілген.
Айта кетсек, әлеуметтік желілерде жас жұбайлардың үйлену тойына тікұшақпен келген видеосы тараған болатын.


19 шілде 2019 ж. 279 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области