Қызылордада «Қақпа алдында кездесу» жобасы өткізілді
Kyzylorda-news.kz. «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорданың ЗК-169/5 мекемесінде шығарып салу іс-шарасы өтті.
Шараға пробация қызметкері, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының, қалалық жұмыспен қамту бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты.
«Әлеуметтік жобаның мақсаты – сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі алғашқы күндері қоғамда әлеуметтік бейімдеу үшін жағдайлар жасау, оларға әлеуметтік-психологиялық, тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөнінде көмектер көрсету», - дейді САТЖЖ бөлімінің жасақ бастығы, әділет капитаны Н.Әубәкіров.
Жобаның аясында атқарушы органдар өкілдері босатылған азаматтарға олардың құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына, пробация қызметіне профилактикалық тіркелу, қазіргі еңбек нарығындағы жағдайларға бейімдеу жұмыстары және ҚР «Халықты еңбекпен қамту туралы» Заңына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.