Сәрсенбіде елімізде күн райы ашық болады
«2 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты батыста жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жауады. Кей жерлерде республика бойынша тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді», делінген ауа райы болжамында.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Түркістан, Қызылорда, түнде Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.