Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 10 қаңтар: Ел тарихында орын алған оқиғалар

10 қаңтар: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1924 жылы «Тілші» газетінде Ілияс Жансүгіровтің «Кеңседе жергілікті тілді жүргізу керек» деген мақаласы жарық көрді. Онда күні бүгінге дейін өзекті мәселе болып отырған қазақ тілінің тағдыры сөз болды.

1934 жылы қазақ әдебиеті мен өнеріне арналған «Қазақ әдебиеті» апталық газеті шыға бастады. Алғашқы редакторы - Бейімбет Майлин. Газет 1940-1954 жылдары тоқтап, 1955 жылдың қаңтарынан қайта шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» - ұлтымыздың рухани айнасы, еліміздің әдеби һәм мәдени өмірін жан-жақты қамтитын басылым.

1992 жылы Елбасының қатысуымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде Республикалық гвардияны құру туралы шешім қабылданды.

1992 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері туралы» Жарлығы шықты.

1997 жылы Бішкек қаласында Нұрсұлтан Назарбаев, Асқар Ақаев және Ислам Каримов Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері арасындағы Мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды.

1999 жылы Қазақстанда алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенттігіне балама сайлау өтіп, онда сайлаушылардың 79,78 % дауысын жинаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайта сайланды.

10 қаңтар 2020 ж. 198 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области