Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалы: Ауылдардағы мектептер мен көшелер жөнделіп, бірнеше құрылыстар салынады

Қазалы: Ауылдардағы мектептер мен көшелер жөнделіп, бірнеше құрылыстар салынады

Kyzylorda-news.kz. 21 сәуір күні облыстық мәслихаттың шешімімен Қазалы ауданына 3 млрд 622 млн теңге қаржы бөлінді. Осының алдында ғана ауданға 1 млрд 318 млн теңге берілген. Бұл туралы аудан әкімі Мұрат Ергешбаев мәлімдеді.
«Бұл қаржының 900 миллионнан астамы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы Бекарыстан би ауылына бөлініп отыр. Осының арқасында, аудандағы іргелі ауылдың бірінде ауыз су сервистік желіге қосылады. №24 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бекарыстанбилік ағайындар осы күнді қаншама жыл күтті. Енді бұл мәселенің шешімі табылды. Одан бөлек, 7 көше жөнделіп, 8 көшеге жарықшамдар орнатылады», – деді Қазалы ауданының әкімі М. Ергешбаев.
Бұдан бөлек, Әйтеке би кентінде 1 қабатты 4 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы басталады.
Сондай-ақ, биыл басталатын құрылыстардың арасында Ақсуаттағы 150 орындық клуб пен Ғ.Мұратбаев ауылында жүргізілетін газ желісі бар.
Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев саябағы абаттандырылып, кенттегі былтыр асфальтталған Жалаңтөс батыр көшесіне жарықшамдар орнатылады.
«Аудан орталығында тозығы жеткен кәріз жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қ.Пірімов пен Ү.Түктібаев ауылдарында спорт ойындарына арналған алаң салынады. Мұнда балалар ойын алаңы, тренажер және жүгіруге арналған жолақ бар. Қала, кент және ауылдардағы жолдарды жөндеуді жалғастырамыз. Өздеріңіз білесіздер, былтыр бұл бағытта біздің ауданда көптеген жұмыстар атқарылды», – деді аудан әкімі.
Биыл қала мен кенттегі жөнделетін 16 көшеге қосымша тағы 13 көшені жөнделеді. Одан бөлек Майдакөлде 3, Басықарада 3, Жалаңтөс батырда 2, Жанқожа батырда 2, Ақсуатта 1, Кәукейде2, Бозкөлде 1, Өркендеуде 1, Абайда 2, Ғ.Мұратбаев ауылында 6 көшені жөндеу жоспарланып отырған көрінеді. Бұдан Бекарыстан би ауылындағы 7 көше де қалыс қалмайды.
Аудан әкімінің айтуынша, жақсы жаңалықтың бірі – қаланың 8, Бекарыстан би ауылының 1 көшесіне тротуар жүргізіледі.
«Білім саласына да көңіл бөлуді ұмытқан жоқпыз. Соның арқасында көптен бері жөндеу көрмеген №226 гимназияны биыл күрделі жөндеуден өткіземіз. Ал, №165 мектептің есік-терезелері ауыстырылып, жылу жүйесі жөнделеді. Сондай-ақ, кенттегі №70, қаладағы №17, Ү.Түктібаев ауылындағы №88, Бозкөлдегі №96, Ақтан батырдағы №190, Ақсуаттағы №100 мектепке, кенттегі «Ақбота», Ғ.Мұратбаев ауылындағы «Балдәурен», Қожабақыдағы «Айгүл» балабақшасы мен «Шағала» лагеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі», – дейді ол.
Сонымен қатар, бірқатар ауылдардағы мәдениет үйлері мен клубтар да жөнделмек. Кенттің «Аймақаш» аймағынан жер беру үшін дайындалған жобаның қаржысы да шешілген. Енді бұл жерге электр жарығы, газ және ауыз су тарту жұмыстары басталады. Бұл жұмыстар аяқталған соң 115 адамға жер беріледі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 237,3 млн, NEET санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға 103,4 млн, қоғамдық жұмысқа 333,2 млн қаржы қаралған.
«Негізі бұдан басқа да біршама жұмыстар бар. Мен негізгілерін ғана Сіздерге айтып отырмын. Қазіргі таңда аудан бюджеті 25 миллиардтан асты. Бұл әрине бізге қажетті жобаларды дер кезінде дайындаған жігіттердің еңбегінің нәтижесі, елге болсын деп жүрген азаматтардың арқасы. Енді істелетін істер уақытылы аяқталып, сапалы болу керек», – дейді аудан әкімі.
28 сәуір 2020 ж. 232 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области