Жалағашта 53 жастағы малшы хабарсыз кеткен
Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында жергілікті шаруа қожалығының бір күннен бері хабарсыз кеткен 53 жастағы малшыға 11 наурыздан бастап іздестіру басталды.
Ол 10 наурызда шаруа қожалығының жайылымынан белгісіз бағытқа шығып кеткен. 1968 жылы дүниеге келген азамат содан бері қайта оралмаған.
«Оқиға орнына 11 наурызда сағат 13.00 шамасында Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 5 құтқарушысы 1 техникамен аттанып кетті. Іздестіру жұмыстары жасалуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.