Қызылордалық параатлеттер Тунисте табысты өнер көрсетті
Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық спортшылар пара жеңіл атлетикадан Тунисте өткен Әлемдік Гран-при сериясындағы классификациялық халықаралық жарыста табысты өнер көрсетті.
Токио-2021 Паралимпиада ойындарына лицензия алу жарысына әлемнің 62 елінен 500-ден астам спортшы қатысты.
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мощеевтің айтуынша, Қазақстан Ұлттық Паралимпиада құрама командасында қызылордалық 5 спортшы бақ сынасты. Бұл жарыста Еламан Жоламан найза лақтыру сайысында үздік нәтиже көрсетсе, диск лақтыруда қола жүлдеге ие болды.
Жарақат салдарынан Ислам Салимов өзінің спорттық қасиеттерін көрсете алмады. Дегенмен, ол секіруде IVорынға ие болды.
Қалған паралимпиадашылар мықты спортшылардың ондығына кірді. Гран-gридің әлемдік сериясының келесі кезеңі 11-19 сәуір аралығында Италияда жалғасады.