Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалы: Ауылда жаңа саябақ пайдалануға берілді

Қазалы: Ауылда жаңа саябақ пайдалануға берілді

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы Кәукей ауылында жаңа саябақ пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында аудан орталығынан шалғай орналасқан Кәукей ауылында жаңа саябақ пайдалануға берілді.

Жаңа саябақтың ашылу салтанатына орай өткізілген шараға аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев қатысты.

Кәукей ауылындағы орталық саябақ құрылысын «Намыс құрылыс» ЖШС жүргізді. Саябақ ішінде жазғы сахна, 40 көрермендер орны, 2 балалар ойын алаңы, спорт инвентарлары, тұрғындар тынығатын орын, кіре беріс қақпа мен жарықшамдар орнатылған.

Айта кетейік, соңғы жылдары аудандағы ауылдарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның нәтижесінде Қ.Пірімов, Ақсуат, Бозкөл, Майдакөл ауылдарында саябақ салынды.
31 тамыз 2021 ж. 210 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области